• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:33:33
+35°

19 Наурыз, 2018 NEWS

Аружан Саин 7 жастағы баланың ісіне қатысты жаңа деректерді жариялады

16 наурызда анасы  баланы «Асыл Бала» орталығынан алып кетті. Олар уақытша «Аналар үйінде» қалуды ұйғарды.

Қоғам қайраткері Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында Абай ауылының 7 жастағы тұрғынына қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«1. 16 наурызда анасы  баланы «Асыл Бала» орталығынан алып кетті. Олар уақытша «Аналар үйінде» қалуды ұйғарды.

2. Баланың анасы мемлекеттік қорғаудан бас тартпады.

3. 17 наурызда бала мен анасы ресми өкілмен ҚР Бас Прокуратураға барды.

4. 17 наурызда ОҚО полициясының мемлекеттік қорғанысын Астанаға ауыстырды.

5. 19 наурызда тергеу әрекеттері жалғасады.
6. 16 наурызда баланың әпкесі мен әжесі баланың анасымен және баламен бармады. Басында олардың отбасымен келетініне сенімді едік.

7. Әжесін 17 наурызда «Асыл Баладан» Астанада тұратын туысы алып кетті. Баланың анасының айтуынша, туысы әжесінен балаға белгісіз біреу алып берген барлық ойыншықты «Асыл Балада» қалдыруды сұраған. Содан бері әжесі мен әпкесінің телефоны қосулы болды. Олар Құрманғазы мен туыстарымен байланыста болды.

8. 18 наурызда әжесі мен әпкесі жолға шығар алдында пакетін тастап кеткендіктен «Асыл Балаға» соғуды сұраған. Ағасын ішке кіргізбеген. Бір жарым сағат күтіп, тоңып қалғаннан кейін ағасы баланың анасына хабарласты. Баланың әжесі мен тәтесінің телефоны қайта өшіп қалған.

9. Анасы да баланың әжесіне қоңырау шала алмағандықтан, заңгерге хабарласып, бізден анасының жағдайын біліп беруді өтінді. Заңгер Бауыржан Азанов прокуратураға хабарласты.

10. Отбасының заңды өкілі Құрманғазы «Асыл Балаға» келді. Онда оны блогерлер мен басқа да адамдар қарсы алды. Баланың әжесі мен әпкесі «Асыл Бала» орталығында шай ішіп отырғаны анықталды. Сол уақытта ағасын неліктен кіргізбегені түсініксіз.

11. Баланың әжесі мен әпкесі орталықтан шығып, туыстарының үйіне кетті. Онда баланың анасымен кездесті. Әженің телефоны қайта іске қосылды.

12. Қазір заңгер, бала мен ананың заңды өкілі тергеу жұмыстары үшін қажетті жұмысын істеп жатыр.

13. Баланың туыстары мен халықтан көмек сұрауға көмектескендерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданады.

14. ҚР Бас прокуратурасы ОҚО білім беру мекемелері, ОҚО ІІД, ОҚО прокуратурасының әрекет етпеу, қылмысты жасыру, өз лауазымдарын асыра пайдалану бойынша тексеру жұмыстарын бастады.

15. Баланың анасы шошып қалған. Өзінің заңды өкілдерінен басқа ешкімге сенбейді. Сондықтан анасы балаға біреудің сатып берген телефон/планшетін «Асыл Балада» тастап кетті. Анасы оған жаңасын алып беруге уәде берді. Бала қатты жылаған болатын. Балаға жаңа планшет сатып берді.

16. Анасы баласы екеуін таныс емес адамдармен сөйлестірмеуді сұрады. Олардың арасында қоғам қайраткерлері мен блогерлерге де бар» деп жазды Аружан Саин.

Аружан Саин балаға көмектескісі келетіндердің көп екенін айтады. Олар анасы, әжесі және баланың заңды өкілдерінің Астанаға бару жол ақысын төлегенін жеткізді

Бала мен ананың жанында психолог Гүлзат Асанова да бар.

Аружан Саин ел басшылығына алғысын білдірді.

«Істі Бас прокуратураға жолдағаны үшін ел басшылығына алғысымызды білдіреміз. Тергеу жұмыстары объективті және қылмыстық-процесуалдық заңға сәкес жүргізіледі деп үміттенеміз» деп жазды Аружан Саин.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір