• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:56:32
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 Әлеумет

"Аруақ" фильмінің таныстырылымы  71-ші Канн кинофестивалінде өтті

Режиссер Қуат Ахметовтің «Аруақ» фильмі тағдырдың жазумен ұшырасқан қарт Ағатай мен жетім бала туралы баяндайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аруақ» фильмі 71-ші Канн кинофестивалінде ашылған Қазақстанның ұлттық павильонында таныстырылды және халықаралық кинофестивальдердің іріктеушілері мен дистрибуторларының қызығушылығын тудырды.

- Мен павильонға қойылған қазақстандық кинотуындылардан ерекше әсер алдым. Әсіресе қария мен жетім бала туралы баяндайтын «Аруақ» фильмін атап өткім келеді. Қазір біз қазақ әріптестерімізбен аталмыш фильмнің Италиядағы дистрибутциясы жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді италиялық кинопродюсер Флавио Донини.

Режиссер Қуат Ахметовтың «Аруақ» фильмі тағдырдың жазумен ұшырасқан қарт Ағатай мен жетім бала туралы баяндайды.

Асанәлі Әшімов

-    Идея авторы Асанәлі Әшімов. Ол 2014 жылы маған елден шалғай тұратын жалғыз басты қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаның ойы бойынша қария – дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам,  - деді фильмнің режиссері Қуат Ахметов.

Фильм былтыр өндіріске жіберіліп, биыл көктемде аяқталған болатын. Түсірілімдер Алматы облысында, Іле өзені жағалауында өткен. Фильмнің сценарийін түркі елдерінің ертегілері мен аңыз-әңгімелері желісі бойынша Қуат Ахметов пен Одильша Агишев жазып шыққан.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен осымен екінші рет ашылып отырған Канн кинофестиваліндегі Қазақстанның ұлттық павильоны отандық фильмдерді насихаттауға оңтайлы алаң болып табылады.

Биыл павильондағы таныстырылымда «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Джефф Веспаның «Әміре», Болат Қалымбетовтың «Талан» және басқа да жобалары презентацияланған.

«Аруақ» фильмі жайлы: Ағатай есімді қарттың ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған. Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болған. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оның бастапқы жоспарын бұзып кетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір