• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:31:50
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 NEWS

Армиядағы қоқан-лоққы туралы видео жөнінде прокуратура өкілі жауап берді

Казнетке тарап кеткен әскери борышын өтеп жүргендер арасындағы қоқан-лоққы туралы ҚР әскери бас прокуратураның өкілі Еркін Қожа-Ахмет жауап берді.

Казнетке тарап кеткен әскери борышын өтеп жүргендер арасындағы қоқан-лоққы туралы ҚР әскери бас прокуратураның өкілі Еркін Қожа-Ахмет өзінің Facebook парақшасында жауап берді,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.

Видеодан әскерге жаңадан келушілерді үлкендердің қалай қорлап жатқандығын көруге болады. Жарғыға сәйкес келмейтін қарым-қатынаста үлкендер кішілерді ұрып, айтқандарын істетіп жатыр.


Прокуратура өкілі бұл жағдайдың армияда шындығында да орын алғандығын айтты, бірақ ол сегіз жыл бұрын болған деп жазды.

«Аталмыш бейнежазба 2009 жылы Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінде түсірілген. Ол тек 2012 жылы ғана YouTube каналына салынған. Жағдайға қатысы барлардың барлығы айқындалып, оларға қатысты шаралар жасалынған»,- деп жазған Еркін Қожахмет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір