• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:31:43
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Арменияда парламент спикері ұсталған депутаттармен кездесті

Жексенбіде оппозиция  өкілдері экс-президент Серж Саргсянның премьер-министр қызметіне тағайындалуына қатысты наразылық білдіріп қарсылық акциясына шыққан.

Арменияның парламент спикері Ара Баблоян ұсталған депутаттармен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап.

Ара Баблоян шетелден Ереванға келген. Ол әуежайдан бірден депутат Сасун Микаелянмен, Арарат Мирзоян және Николь Пашинянмен кездесуге барған.

Айта кетейік, жексенбіде оппозиция  өкілдері экс-президент Серж Саргсянның премьер-министр қызметіне тағайындалуына қатысты наразылық білдіріп қарсылық акциясына шыққан.

Полицейлер митингіге жиналған халықты таратып, ұйымдастырушылар қарсылық акциясы өткен жерден күштеп аластатылды. Кейінірек Арарат Мирзоян және Сасун Микаелян ұсталды.

2008 жылдан бастап елді басқарған Серж Саргсянды премьер-министр қызметіне тағайындауға қарсылық 13 сәуірде басталды. Халық наразылығына қарамастан Армения парламенті Саргсянды премьер-министр қызметіне тағайындады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір