• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:47:09
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 Спорт

Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионынымен кездесті

Әлжан Жармұхамедов астаналық жас баскетболшыларға шеберлік сыныбын өткізді

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 1972 жылғы Мюнхен олимпиадасының чемпионы Әлжан Жармұхаммедовпен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы министр Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына жазды.

Әлжан Мүсірбекұлы Қазақстанға "Астана" баскетбол клубының арнайы шақыруымен келіп, елордадағы балалар академиясы тəрбиеленушілеріне шеберлік сыныбын өткізіпті. Кездесу барысында министр қазақстандық жас спортшыларға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

- Атақты баскетболшының Қазақстан баскетболы туралы бөлісері көп екен. Өз ісінің шебері ретінде Жармұхамедов пікірлерін айтып, маңызды мəселелерді қарастырдық. Кездесу өте қызықты өтті. Қонағымызға естелік сыйлық ұсынып, Аңыз адаммен суретке түстік, - деп жазды министр Мұхамедиұлы өз парақшасында.

спорт

Айта кетейік  1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиада ойындарында Әлжан Жармұхаммедов қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы атағына ие болған.  1976 жылғы олимпиада ойындарында қола жүлде иеленді. Еңбегі сіңген спорт шебері  Әлжан Жармухамедов КСРО құрамасы қатарында Еуропа чемпионаттарында төрт рет жеңіс тұғырына көтеріліп, екі мəрте Əлем чемпионаты финалына жетті.

"Азия анакондасы" аталған бойшаң (2,07 см), тарамыс денелі Алжан Мүсірбекұлы қарсыластарынан жыландай сытылып, допты дөп тигізетін!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір