• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:57:50
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Аймақтар

Араб бизнесмендері Солтүстік Қазақстан экономикасына инвестиция құюға дайын

Фуджейра әмірлігінің бизнес делегациясы Солтүстік Қазақстан облысына келді

Фуджейра әмірлігінің бизнес делегациясы Солтүстік Қазақстан облысына келді. Делегацияны Фуджейра еркін экономикалық аймағының бас директоры Шариеф Әл-Ауадхи бастап келіп отыр. Облыстық әкімдікте СҚО әкімі Фуджейра әмірлігінің бизнес делегациясымен кездесті. Кездесуде екі жақты әріптестік мүмкіндіктері талқыланып, меморандумдарға қол қойылды.

Кездесуді ашқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов қонақтарға облысымыздың сауда-экономикалық әлеуеті туралы айтып берді. Өңір басшысы теріскей экономиканың бірқатар салаларында байланысты нығайтуға дайынбыз дейді.

«Біздің облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге көп көңіл бөледі. Солтүстіктің өнімі таза әрі бәсекеге қабілетті. Солтүстік Қазақстан өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өнімді экспорттау және туризм салаларында бірлесе жұмыс жасауға дайын», - деді Құмар Ақсақалов.  

Фуджейра еркін экономикалық аймағының бас директоры Шариф Әл-Ауадхи қонақжайлық танытқан солтүстікқазақстандықтарға алғысын жеткізіп, теріскейге ынтымақтастықты нығайту үшін келгендерін айтты.

«Бізде туризм мықты дамуда. Қонақ үй бизнесі саласында тәжірибемен бөлісуге дайынбыз. Біз трейдинг және өнімді қайта өңдеу бағыттарында қолайлы жағдайлар жасадық. Біз серіктестерге салық төлемей, 100 пайыз үлесті иелік етуге мүмкіндік береміз. Солтүстік Қазақстанда бізді әсіресе туризм және ауыл шаруашылығы салалары қатты қызықтырып отыр. Жаз уақытында сіздерге келіп демалуға болады, ол үшін ауа райы өте қолайлы екен. Біздің елде қазір аптап ыстық. Сондай-ақ біздің бизнесмендер сауда орталықтарын салуға қызығушылық танытып отыр», - деді Шариеф Әл-Авади.

Кездесу соңында екі тарап ынтымақтастық жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір