• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:24:14
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 Аймақтар

Ақтөбеде күйеуінен бес жыл бойы қорлық көрген әйел көмек сұрады (видео)

Гүлсімнің азаматтық некедегі күйеуімен көңіл жарастырғанына бес жыл болған. Содан бері көргенім тек қорлық деп отыр.

Ақтөбеде азаматтық некедегі күйеуінен таяқ жеп шаршаған келіншек балаларын тастап, үйінен қашып кетті. 38 жастағы Гүлсім Жиенбаева отағасы балта алып ұмтылғанда, кішкентайларыма қарайламақ түгілі, ойлануға уақытым болмады дейді.  Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

«Құлағым ісіп кетті, ұрғанда мына жерде сотрясение алғанмын» - дейді жәбірленуші.

Гүлсімнің азаматтық некедегі күйеуімен көңіл жарастырғанына бес жыл болған. Содан бері көргенім тек қорлық деп отыр. Қит етсе жұдырығын ала жүгіретін күйеуі ештеңеден қаймықпайтын көрінеді. Өйткені Гүлсім – жетім, іздеушісі жоқ, әке шешеден ерте айырылған. Бірінші күйеуінен туған ұлын шеттеткені былай тұрсын, өзінің екі баласын да түртпектейтінді шығарыпты. 

— Қолымен ұрады, пышақпен ұрады, балтамен қуып шығады. Бес жыл бойы қорлық көріп келе жатырмын,- дейді қорлық көрген Гүлсім Жиенбаева.

Әйелі мен балаларына күн көрсетпейтін 61 жастағы азаматқа полицейлер тек айыппұл салудан басқа шара қолдана алмайтындықтарын айтады. Өйткені ол психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрған көрінеді. Жүйкесі сыр берген әкемен балаларды қалдырудан сескенген  мамандар екі және бес жастағы екі баласын Гүлсімге алып берді. Қазір келіншекке қаладан уақытша жатын орын мен жұмыс тауып берген. Ал балалары сауықтыру орталығында ем  қабылдап жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір