• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:43:31
+35°

18 Қаңтар, 2018 NEWS

Ақша айырбастау нүктесінің иесі аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін айыпталды

Алматыда 1975 жылы туған З., есімді күдікті бірнеше алаяқтық жасағаны үшін қолға түсті.

Алматыда 1975 жылы туған З., есімді күдікті бірнеше алаяқтық жасағаны үшін қолға түсті. Қазіргі кезде Түрксіб АІІБ қылмыстық әрекеттің 4 түрлі жағдайын тіркеді, алайда жапа шегушілер одан да көп болуы мүмкін, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«З., есімді азамат біздің аймақта айырбастау нүктесін ашып, бас кезде, мүмкін, әділ жұмыс істеген болар. Бірақ, ашкөздіктен және тез арада байып кетсем деген оймен қылмыстық әрекетті ойластырып, оны іске де асырған.

Үйреншікті клиенттеріне З., есімді күдікті ақша бағамының өзгеруіне байланысты олардың қаржысын өз кәсібіне салуға үгіттеген. Нәтижесінде олар «ақшасын көбейтіп, бастапқы салған қаржыны толық қайтарып алады» деген қызықтырарлықтай ұсынысқа бірнеше адам келіскен. Енжар табыс адамдарға алдамшы үміт бермей қоймады.

Олар қаскүнемге қолдағы бар қаражатын берген, алайда З., есімді азаматтан ешқандай хабар ала алмай қалған. Салымшылар бірігіп, оны қарастыра бастағанда, З., есімді азаматтың елде болмай шыққаны белгілі болды. Алданған азаматтар қосымша табыс түгілі, дәнеңе де алмаған.

Түрксіб ІІБ сотқа дейінгі алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалын бастап, З., есімді күдіктіні ұстаған. Клиенттерін сан соқтырған ол 1 миллион АҚШ долларын жымқырған. Осы адамнан алданып қалғандар болса мына байланыс телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 298-54-01; 298-54-08 және 298-54-10», деп хабарлады Түрксіб ІІБ полиция подполковнигі Владимир Решетников.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір