• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:17:41
Алматы
+35°

07 Наурыз, 2018 Саясат

АҚШ химиялық қару қолданғаны үшін КХДР-ға қарсы санкция енгізді

«Біз КХДР-дің адамзатты жаппай қыруға бағытталған қаруын қолдануына бейжай қарап отыра алмаймыз»

АҚШ КХДР-ға қарсы  химиялық қару қолднағаны үшін   санкциялар енгізді. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ  Солтүстік Корея лидері Ким Чен Инның ағасы Ким Чен Намды өлтіру кезінде химиялық қару қолданғаны үшін елдің заңсыз әрекеттеріне қарсы шығып отыр.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті аталған санкцияларды 5 наурыздан бастап енгізгенін мәлімдеді.

Ведомство мәлімдемесінде Солтүстік Корея Ким Чен Намды Куала-Лумпур әуежайында 22 ақпанда өлтіргенін жазған.

«Біз КХДР-дің адамзатты жаппай қыруға бағытталған қаруын, жобасын қолдануына бейжай қарап отыра алмаймыз»,-деп өзінің солтүстік корея үкіметіне наразылығын білдірді.

Айта кетейік, Ким Чен Нам — КХДР-дің қазіргі лидерінің ағасы, бір әкеден туған, бірақ аналары әртүрлі бауырлар болып келеді. Осыған қарамастан, Ким Чен Намның отбасы мемлекет лидерімен жақсы қарым-қатынаста болмаған көрінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір