• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:26:11
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 Әлем

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды жариялады

АҚШ әкімшілігі Конгресске Ресейдегі ең көп айлық төленетін шенеуніктер мен кәсіпкерлерді таныстырмақ.

АҚШ «Америка қарсыластарына қарсы тұру туралы» заң аясында «ресейлік олигархтарға» қатысты санкциялар енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақ үйдегі брифинг барысында қаржы министрі Стивен Мнучин мәлімдеген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Біз осы тұрғыда жұмыс істеудеміз. Олар жақын күндері жарияланатын болады», - деді Мнучин шектеу шаралары турасында.

«Коммерсантъ» басылымының дерегіне сүйенсек, АҚШ әкімшілігі Конгресске Ресейдегі ең көп айлық төленетін шенеуніктер мен кәсіпкерлерді таныстырмақ. Оның құрамында 50-ден астам адам болуы әбден мүмкін, ал отбасы мүшелерімен қосқанда 300-ге жетеді.

Қара тізімдегілер бірден санкцияға ілікпеуі мүмкін, тек кез келген уақытта еніп кету қауіп бар. Алайда АҚШ демократиялық партиясын Трамптың жағдайы алаңдатып отыр. Себебі президент ресейлік әріптесімен қарым-қатынасына сызат түсіруден аулақ болуды таңдауы мүмкін.

Айта кетейік, АҚШ 2017 жылдың қазанында санкцияға іліккен Ресейдің 33 компаниясын жариялады. Ал жаңа шектеу шаралары 2018 жылдың ақпанында жариялануы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір