• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:11:19
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2018 Әлем

АҚШ, Қытай, КХДР басшылары 12 маусымда кездесуі мүмкін

1953 жылы бейбітшілік келісім шартына қол қойған елдер басшылары алғаш рет қайта кездескен болады.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин 12 маусымда Сингапурда АҚШ президенті  Дональд Трамппен және Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен Америка-Солтүстік Корея саммитінде кездесуі мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары хабар тартқан.

Ондай жағдайда Корей түбегі соғысын аяқтап, 1953 жылы бейбітшілік келісім шартына қол қойған елдер басшылары алғаш рет қайта кездескен болады. Кездесу аясында толықтай бейбіт келісім қарастырылуы мүмкін. 27 сәуірдегі екі Корея арасындағы жоғарғы деңгейлі кездесуде «Корей жарты аралдарын біріктіру және бейбіт гүлдендіру туралы Panmunjom декларациясының» 3 бап, 3 тармағында бейбітшілік келісіміне 65 жыл толғанда Оңтүстік пен Солтүстік Корея Корей соғысы аяқталғанын жариялайтыны айтылған. Қазіргі уақытта екі ел арасы техникалық тұрғыда әлі де соғыс жағдайында.

Айта кетсек, Трамп бейсенбі күні Ким Чен Ынмен кездесуі 12 маусымда өтетінін мәлімдеген болатын. Ақүйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңес жөніндегі кеңесшісінің айтуынша аталған локация Сингапурдың бейтараптылығы мен келіссөздің қауіпсіздігі үшін таңдап алынған.

Еске салсақ, Ким Чен Ын әйелі Ли Соль Чжуды ертіп 25-28 наурызда өзінің шетелге алғашқы сапарын жасап Бейжіңге келіп кеткен. Ал, 7-8 мамырда Қытайдың солтүстік-шығысындағы Далянь қаласында тағы да Си Циньпинмен кездесу жасады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір