• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:16:32
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР-ге қарсы күшін біріктірмек

Оңтүстік Корея порттарында Құрама Штаттарының атомдық сүңгуір қайықтары орналасқан.

АҚШ пен Оңтүстік Корея елдері Жапон және Сары теңізде бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуын бастады. Оңтүстіккореялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шара барысында 40-қа жуық кеме мен атомдық әуе тасығыш қолданылмақ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл әрекет төтенше жағдай бола қалған жағдайда Корей халық демократиялық республикасына соққы беру мақсатында өткізіліп жатыр.

Сонымен АҚШ пен Оңтүстік Корея қарсылас тарапынан келетін шабуылдарға тойтарыс беру тәсілдерін де күшейтуде. Уай Ти Эн агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея порттарында Құрама Штаттарының атомдық сүңгуір қайықтары орналасқан. Сондықтан КХДР бұл шараларға жауап ретінде баллистикалық зымыран ұшыруы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір