14 Қараша, 2017 Оқиғалар
АҚШ өкілі Мьянма лидерімен кездеседі
Тиллерсон 15 қарашада Мьянмаға бармақ
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон сейсенбіде Мьянма лидерімен кездеседі. Бұл жайында Риа Новости хабарлайды.
Тиллерсон мен Мьянма лидері дәл қазір АСЕАН саммиті өтіп жатқан Манила қаласында.
Біраз уақыт бұрын Тиллерсон Мьянманың көшбасшысы Аун Сан Су Чжимен телефон арқылы сөйлескен. Сонымен қатар Мьянманың қарулы күштерінің қолбасшысы Мин Аунг Хлайнмен дағдарысқа байланысты сөз қозғаған.
Айта кетсек, Тиллерсон 15 қарашада Мьянмаға бармақ.
Кездесу Мьянманың Ракхайн штатындағы дағдарысқа байланысты болады. Айта кетсек, мяньмалық әскерилер рохинджалық мұсылмандарға қарсы геноцидті бастаған болатын. Тамыз айының соңында жүздеген рохинджа мұсылмандары Бангладешке қашқан болатын. АҚШ өз кезегінде мьянмалық билікке босқындардың елге қайтуын қайта қолға алуға шақырып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір