• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:28:09
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 Оқиғалар

АҚШ билігі: Бұл — Америка тарихында болмаған өрт (фото, видео)

Калифорнияның солтүстігінде орналасқан орман өртке оранып құрбан болғандардың саны 31-ге жетті.

Калифорнияның солтүстігінде орналасқан орман өртке оранып құрбан болғандардың саны 31-ге жетті, — деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Осыдан бірнеше күн бұрын төтенше жағдай Напа, Сонома және Юба аймақтарында болған. Аталған аймақтан 20 мыңнан астам адам көшуге мәжбүр болды. 

Америкалық биліктің хабарлауынша, бұндай өрт  Америка тарихында бұрын болмаған. 1500 ғимарат өрттің кесірінен қирандыға айналды.

Калифорния 

Калифорнияның оңтүстігіндегі орманда өрт жиі болып тұрса, солтүстіктегі ормандар сирек өртенеді.

«Өрт көптеген ғимаратты қиратты және мыңдаған адамның өміріне қауіп төніп тұр. Сондықтан жергілікті тұрғындарды тез арада эвакуацияландыру керек», ― деп мәлімдеді Калифорния штатының губернаторы Джерри Браун. 

Осыған дейін Калифорнияға жақын аймақтағғы ормандар өртенген болатын. Төтенше жағдай әлі де жалғасуда. Аталған өрттің салдарынан елде 100-ден аса адам жоғалып, 3,5 мыңнан астам ғимарат қирап қалған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір