• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 03:53:46
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2014 Саясат

Қазақстан президентің ресми сайты http://www.akorda.kz/ -ті не жазылды екен деп күн құрғатпай ашып тұрамын. Қашанда ресейдің мемлекеттік тілімен ашылады. Әрине қазақ тіліндегі беті бар, бірақ жарық етіп шыға келгеннен соң амалсыз орыс тіліндегі ақпаратқа көз жүгіртесің. Сосын қазақ тіліне ауыстыра қалсаң жаңа ғана оқыған ақпаратың жоқ, ескі ақпараттар тұрады. Бұл жәйтті бір Ақорда сайты емес, ресми биліктің бір қатар сайттарынан байқадым.

Олар:

http://www.constcouncil.kz/ - Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі сайты;

http://www.mint.gov.kz/ - Индустрия және Жаңа технологиялар министрлігі сайты;

http://www.edu.gov.kz/ - Білім және Ғылым министрлігі сайты;

http://www.eco.gov.kz/new2012/ - Қоршаған ортаны қорғау және Су ресурстары министрлігі сайты.

Сондай-ақ ақ бір қатар сайттар қазақ тілінде ашылғанымен төбесіндегі атауы орыс тілінде жазылып тұрады. Бұлардың жанында премьер-министр Кәрім Мәсімовтың ресми сайты қазақ тілінде ашылады.

 Президент Назарбаевтың Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 сессиясында «Бүгінде ұлтты біріктіруші басты фактор қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып отыр», - деген сөзі бар еді. Президент ылғи да жиналыстарда «Қазақ тілін» бұқаралық қолданысқа енгізу жайын айтып жүреді. Дегенмен Елбасы не деді екен деп елеңдеп қарайтын сайтын баса қалсаңыз орыс тілінде ашылатыны көңіл қынжылтады. Әдетте кез келген мемлекеттік мекемеге қоңырау шала қалсаңыз, хатшы қыздың орыс тілінде жауаптасатыны таңқаларлық жағдай емес. Жоғарғы деңгейдегі жиындардың дерлігі де мемлекеттік тілді «мазалап» жатпайды. Мемлекеттегі 67%  халықтың тілі қашанғы аяққа таптала бермек?

Нұрғали Нұртай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір