• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:05:59
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 NEWS

Ақмолада 20 жастағы қызды 100 мың теңгеге сатпақ болған күдікті ұсталды

Ақмола облысында 100 мың теңгеге 20 жастағы қызды сатпақ болған күдікті ұсталды...

Ақмола облысында 100 мың теңгеге 20 жастағы қызды сатпақ болған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне қараша айында ер адамның 20 жастағы бейжеткенді 100 мың теңгеге сатқысы келетіндігі жөнінде ақпарат түскен.

«Сауданың қашан және қай жерде өткізілетін анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 22 қарашада күдікті сатып алушыдан «тірі тауар» үшін сұраған ақшасын алып жатқанда қолға түсті. Күдікті 21 жастағы көкшетаулық болып шықты. Күдіктінің түсініктемесіне қарағанда ол Астана қаласында Атбасар ауданының тумасы 20 жастағы қызбен танысқан. Бойжеткен оған жұмыс іздеп жүргенін айтып, көмек сұраған. Оған көмектесуге уәде берген күдікті қыздың өзін сатып мәселесін шешіп бермек болған», — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты  ҚР ҚК 128-бабының 1 бөлімі бойынша (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір