• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:02:54
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 NEWS

Ақырзаманның неден және қашан болатынын 3 ғалым үш түрлі болжады

Жердің, адамзаттың жойылуын тек астрологтар мен көріпкелдер ғана емес ғалымдар да болжады

2017 жылдың өзінде ақырзаман болады деген ақпараттар жиі таралды. Ақырзаман өткен жылдың тамыз, қазан, қараша айларында болады деп болжалды. Жердің, адамзаттың жойылуын тек астрологтар мен көріпкелдер ғана емес ғалымдар да болжады.  Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп танымал ғалымдардың ақырзаманды қашан және қалай болатынын айтқан болжамдарын ұсынамыз.

Стивен Хокинг

Атақты ғалым адамзат жер бетінен 2600 жылға қарай жойылатынын алға тартады. Оның ойынша, Жер шарында халық санының шектен тыс күр өсуі ғаламшарды «отты шарға» айналдырады. Бұл жағдайдан шығудың бір ғана тәсілі бар. Ол басқа ғаламшар тауып, соған көшу.

Кевин Уорик

Британдық кибернетик "киборг-адам" деген лақап атқа ие. Оның денесінде компьютерлік чиптер салынған. Аталған чиптар арқылы оның жүйке жүйесі компьютерге сигнал жібереді. Ғалымның ойынша, адамзаттың түбіне жететін-роботтар.

Франк Феннер

Австралиялық вирусолог шешек ауруын жеңудің жолдарын ойлап тапқан және оның зерттеулері адамзат үшін құнды болып табылады. 2010 жылы көз жұмған ғалым адамзатқа тек 100 жыл өмір сүру қалды деп болжаған. Оның айтуынша, адамзаттың түбіне жететін үздіксіз тұтыну.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір