• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:07:11
Алматы
+35°

23 Шілде, 2016 Шаруашылық

Ақылбек Күрішбаев: Жерді жалға беру ережесі заңмен бекітілуі тиіс

Бүгін Атырау қаласында жер комиссиясының отырысы өтуде. Онда комиссияның экономикалық жұмыс тобының жетекшісі осындай ұсыныс айтты, - деп хабарлайды

Бүгін Атырау қаласында жер комиссиясының отырысы өтуде. Онда комиссияның экономикалық жұмыс тобының жетекшісі осындай ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ақылбек Күрішбаев комиссияның жерді жалға беру нормасын қалдыру жөніндегі ортақ келісімге келгенін, ендігі уақытта жерді жалға беруде ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық білімі барларға басымдық берілуі тиіс дегенді айтады.

Жерді мемлекетке қайтару, жалға беру ережесін заңмен бекітуге байланысты жұмыс тобының жетекшісі нақты бес ұсынысты атап өтті.

«Біріншіден, қазір жерді жалға беруді әкімдер өздері шешеді. Біз ол процесс жалғыз әкім құзырында қалмай, құрамына халық өкілдері кіретін комиссия құзырына берілсін дейміз. Жерді жалға беруді, мемлекетке қайтаруды осы комиссия шешуі керек.

Екіншіден, жалға берілетін жер учаскелері туралы, ақпарат жасырын түрде өтеді деуге болады. Мәліметті әкімге жақын адамдар ғана естиді. Сол үшін жалға беру туралы ақпарат ақпарат құралдарында 30 күн бұрын жариялануы керек.

Үшіншіден, бүгінде келісім-шарт жобасын әкімдер өздері дайындайды. Бұл дұрыс емес. Біз жерді жалға берудің біріңғай типтік келісім-шартын жасауды ұсынамыз.

Төртіншіден, жер сапасын бақылау, топаырақ мониторинг мәселесіне назар аудартамыз. Дамыған елдерде жер саясатының темір қазығы – осы жер мониторингі. Бізде мұнда көптеген кемшіліктер бар. Шаруа қожалықтарының жартысына жуығында әлі күнге жер паспорттары жоқ. Жер кадастрын анықтау әдістемесі 2003 жылы бекітілген. Дамыған елдер тәжірибесінде жер бағасы әрбір үш жыл сайын өзгеріп тұрады. Бізде де көптеген сұрақтар туындауда. Құнарсыз жердің салығы, құнарлық жерлердің салығынан, жайылым жердің салығы егістік жердің салығынан жоғары болып отыр. Осындай мәселелерді реттеу үшін жерге орналастыру мекемесін ауылшаруашылығы министрлігінің құрамына беру керек. АҚШ, Канадада жерге бақылауды ауылшаруашылық мамандары жүзеге асырады.

Бесіншіден, жерді заңсыз бөлу фактілері жиі кездеседі. Бұл халық наразылығын тудырады. Өкінішке орай, бұған лауазымды тұлғалар да жол беруде. Мұның бәрі заңның әлсіздігінен туындап отыр. Қазіргі заңнамаға сәйкес, жер қатынастарына қатысты заң бұзған шенеунік 63 мың теңге айып төлейді. Біз әкімшілік кодексті күшейту керек деп санаймыз. Ақпараттар ашық болуы керек. Кімнің қанша жері бар екенінен ақпарат беретін сайт ашу керек.

Бұл жұмыстар экономикалық жұмыс тобының екі аптада келген қорытындылары», - дейді А. Күрішбаев.

Комиссия жұмысына Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов төрағалық етіп отыр. Атырауға комиссияның 25 мүшесі барған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір