• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:07:08
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Аймақтар

Ақ Жайықтың аудандық соттары цифрлық техникаларды тиімді қолдануда

«Сот кабинетіне тіркелген адам электрондық  құжаттарды беру сервисінің пайдаланышысы болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының  аудандарындағы  аудандық сот  жүйесі заманауи   цифрлық техникаларды  кеңінен  қолданып келеді. Соның бірі -  Жәнібек аудандық соты.

Тұрғындардың  игілігі үшін халық соты ретінде 1937 жылы  құрылып, кейін  Жәнібек аудандық соты аталған сот жүйесі бүгінде  өз жұмысын мінсіз атқарып келеді. Бүгінгі күні Жәнібек  аудандық соттың сот мәжіліс залы соңғы үлгідегі дыбыс-бейне жазу жүйесімен жабдықталды, оның негізгі мақсаты - сот процестерінің ашықтығын көрсету, халықтың сотқа деген сенімін арттыру.   Қазір  сот жүйесінде заманауи технологияларды  кеңінен қолданып, халықтың сенімін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, «Сот кабинеті» электронды сервисі жергілікті тұрғындардың сот органдарына сенім артуына ықпал етуде. Сот процесстерінде дыбыс-бейнежазбаларын қолданудың ерекшелігі, сот отырысының хаттамасын әзірлеу мен іске қатысушыларға көшірмесін беру үшін дайындауға уақытты үнемдейді. Дыбыс-бейне жазбаны сот ісіне енгізу сот процесін неғұрлым ашықтыққа апарады. Сондықтан, дыбыс-бейнежазбаларды қолдану қажет, себебі, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартып, қолжетімділігін арттырады, яғни сыбайлас жемқорлықты болдыратын әрекеттерді азайту мен қатар сот процесінің ашықтығына ықпал етеді. 2016 жылы Жәнібек  аудандық сотпен 31 - қылмыстық іс, 173 - азаматтық іс, 296 - әкімшілік іс дыбыс - бейне жазу жүйесін қолданумен қаралса, яғни дыбыс - бейне жазу жүйесі 100 пайыз жүзеге асырылуда.»Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін сотқа жүгінген әрбір азамат Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алып, содан кейін «Сот кабинеті» жүйесіне тіркеледі. «Сот кабинетіне тіркелген адам электрондық  құжаттарды беру сервисінің пайдаланышысы болып табылады.  Жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы  бажды төлеп  немесе төлем кұжаттарының сканерден өткізіп көшірмесін беруге болады. Бүгінгі таңда аудандық сотқа азаматтық істер, әкімшілік істер, шағымдар,апелляциялық шағымдар және іс құжаттарымен танысу жөніндегі өтініштер «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір