• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:40:28
Алматы
+35°

06 Маусым, 2017 IT

Apple компаниясы iPhone үшін жаңа ОЖ iOS 11-ді таныстырды

Apple компаниясы өзінің операциялық жүйесінің жаңа нұсқасы iOS 11-ді таныстырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.

Apple компаниясы өзінің операциялық жүйесінің жаңа нұсқасы iOS 11-ді таныстырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.

Apple смартфондарының жаңа жүйесі компанияның мерекелік моделімен бірге қолданысқа енеді. Биыл Apple компаниясының iPhone телефонына шығарып келе жатқанына 10 жыл. Осыған орай күзгі маусымда iPhone 8 шығады деп күтілуде. Белгілі болғандай жаңа жүйеде мессенджер арқылы ақша жіберуге, файлдарды оңай басқарып, дисктегі орынды үнемдеуге мүмкіндік беріледі.

iOS 11-дің тұсауы Сан-Хостағы Дүниежүзілік құрастырушылар конференциясында (WWDC) кесілді. Жаңа операциялық жүйедегі ең кең көлемде талқыланып жатқан жаңалық - файлдар менеджері. Енді қолданушы файлдарды өзі басқара алады.

Бұдан өзге, алдағы уақытта iMessage арқылы төлемдерді жүзеге асыруға болады. Бұл Apple Pay жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, фотосуреттер мен карталарды өңдеуге арналған бағдарламалар жасалды. Жаңа iOS күзде іске қосылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір