Аппақ Сәбит қамалғанымен заңсыз кәсібі жалғасып жатыр. Бұған кім жауапты?

Аппақ Сәбит қамалғанымен заңсыз кәсібі жалғасып жатыр. Бұған кім жауапты?

Ән-күй музыка сайты

2016 жылы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қызылордада Сәбитбек Өмірзақов бастаған қылмыстық топтан оңбай таяқ жеген Нұрлан Тұрманның оқиғасын шығарған болатын. «Қызылорда полициясы мен прокуратурасы қылмыс әлемін қамқорлығына алған ба?» тақырыбымен жарияланған мақалада Нұрлан Тұрманнан ақша бопсалап, өзінің лас істеріне, мұнайды заңсыз тасымалдау әрекеттеріне араластырмақ болған Аппақ Сәбит есімді лақап атпен танымал Өмірзақов Сәбитбектің атына қанша арыз жазылғанымен бостандықта жүргені, оған қатысты істердің жабулы қазан күйінде қалатыны жазылды.

Бүгінде ақшасы бардың мүмкіндігі де мол заман екені белгілі. Заң да, басқасы да қалталылардың ығына көнетін әдетіне бірнеше мысал да келтіріп өтуге болады. Нұрлан Тұрман айтқан Аппақ Сәбиттің ісі де соның бір көрінісі сыңайлы...

Қаншама арыз жазып, талай есікті тоздырған Нұрлан Тұрманның әрекеті осы күнге дейін нәтижесіз болды. Тіпті Елбасына 6 мәрте үндеу жолдап, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне талай хат жазғанымен іс жабылған күйі қалды. Енді міне, ағымдағы жылдың мамырында ғана қылмыс әлемінің беделді тұлғасы Сәбитбек Өмірзақовтың 4 жылға қамалғаны белгілі болды. Нұрлан Тұрманның айтуынша, бірнеше бопсалау мен мұнай саласындағы заңсыз әрекеттері бола тұра, оның 4 жылға ғана қамалуы, оның үстіне тергеу изоляторында жатуы нағыз әділетсіздік! Ал Нұрлан Тұрманның әділдік жолында аяқ тоздырып жүгірген күндері, жазған арыздары – бәрі қараусыз күйі қалған. Қаншама қылмысы бола тұра, оның көбі ығыстырылып, бопсалау әрекеттері үшін тергеу изоляторында жатқан Сәбитбек Өмірзақов темір тордың ар жағында да шалқып өмір сүріп жатқаны жайында видео да бар.

«Осының бәрін ақшамен шешіп отыр» деген Нұрлан мырза өзіне қатысты істің қайтадан қозғалғанын талап етіп отыр. Бұдан бөлек Сәбитбек Өмірзақовқа қатысы бар бірнеше қылмыскерлер тобы да қызметінен аластатылған көрінеді. Соның бірі Аппақ Сәбиттің «крышасы», ауылдасы, Өскемен облысы бас прокуратурасында генерал-майор қызметін атқарған Бағбан Тәйімбетов Көмекбайұлы. Нұрлан Тұрманның айтуынша, Сәбитбек Өмірзақов қамауға алынған соң Бағбан Тәйімбетов жұмыс орнынан аластатылып, бүгінде үй қамақта отыр. Оның ісіне қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Алайда Нұрлан мырза көп кешіктірмей істің сол күйі жабылатынына сенімді.  Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы өз кезегінде Бағбан Тәйімбетовтің зейнетке шыққандықтан бүгінде қызметінен босатылғанын айтты.

Одан бөлек Аппақ Сәбиттің қылмыстық істеріне қатысы бар Иманқұлов Нұрболат, Беркінбаев Айдос, Тілеуов Нұрландардың да іске тартылып, қамауға алынбағанына наразы. Нұрлан Тұрмановтың ойынша, Айдос Беркінбаевтың үлкен ағасы Ресей думада қызмет етеді, істің жабылуына себепші болып отырған да сол кісі.

Өз отбасын, өз құқығын қорғамақ болған, әрі әділдік іздеген Нұрлан Тұрманов өзінің де арызының қаралғанын талап етіп, редакциямызға хабарласты.  Осыны ескерген біз де Елбасына, ҚР ҰҚК, ҚР Жоғарғы соты, Бас прокуратурасына бірнеше сауал жолдамақпыз?

Нұрлан Тұрмановтың арызы неге қайта қаралмайды? Неге жабулы күйінде қалып қойды?

Бірнеше мәрте бопсалау әрекеттерімен қоса, мұнайды заңсыз тасымалдауға қатысы бар Сәбитбек Өмірзақов не себепті бар жоғы 4 жылға қамалды?

Нұрлан Тұрманның «крышасы», әрі ауылдасы Өскемен облысы бас прокуратурасында генерал-майор қызметін атқарған Бағбан Тәйімбетов қызметінен неге аластатылды?

Сәбитбек Өмірзақовтың қылмыстық әрекеттеріне қатысы бар Иманқұлов Нұрболат, Беркінбаев Айдос, Тілеуов Нұрландар іске тартылып, неге қамауға алынбады?  

Сәбитбек Өмірзақов пен оның командасынан таяқ жеп, денсаулығынан айырылған Нұрлан Тұрмановтың жағдайы сіздерді алаңдата ма?

Осыған дейін «Қамшыда» жарық көрген Жомарт Абдоллаұлының  материалын да істің мән-жайын анық түсіну үшін оқырман назарына ұсынамыз.

Осыдан үш жыл бұрын қызылордалық қарақолдардан қорлық көрген Нұрлан Тұрманов полицияға жасаған сансыз шағымынан нәтиже шықпай қынжылуда. Өзін күш қолдану арқылы қала сыртына алып кетіп, ұрып-соғып, 20 мың доллар ақша бопсаламақ болғандар әлі бостандықта жүргенін айтады ол. «2013 жылы күз айларының бірінде бір жаназада Қарағанды жақта тұратын құда балам Беркінбаев Айдос жолығып қалды. Әңгіме барысында өзінің мұнай өнімдерін заңсыз сатуды қолға алып жатқанын, Қарағандыда ірі бір бандиттермен байланыста екенін айтып, Қызылордада контрабандалық мұнай өнімдерін өткізетін жер тауып беруімді сұрады. Оған мен қазір заман басқа екенін, заңсыз әрекетпен алысқа бара алмайтынын ескертіп, мұндай істен аулақ болу керек деген ақылымды айттым. Сөз арасында сондай-ақ, ондай қылмыстық шаруаларды лақап аты «Аппақ Сабит» (Өмірзақов Сәбитбек) деген жігіттің реттейтінін естігенімді жеткіздім. Бәрі осыдан басталды», - деп бастады әңгімесін сегіз баланың әкесі Нұрлан Тұрманов. «Әлгі кездесуден көп уақыт өтпей Айдостын оң қолы Тілеухан қайта-қайта «звондап» кездесуім керек еді деп қоймағасын ойымда ештеңе жоқ бардым. Сол уақытта «Тойота-камри» автокөлігі кеп тоқтады. Қасыма Тілеухан отырып, арттағы машинада Беркінбаев Айдостың отырғанын сол кездесу үшін келгенін айтты. Арттағы машинаның есігін ашсам Айдос отыр екен. «Нұреке, отырыңыз шаруа бар, сөйлесейік» деп машина рөлінде отқан жігітке «Қаланы аралап жүре бер, мұнын артында «хвост» болуы мүмкін» деді. Айдос «Мен осы қаланы ұстап отқан «Аппақ Сәбитті» құртам» деді. Мен «Ондай шаруаға араласпаймын» дедім. Ол балалар кеп тұр соларды қайтару үшін маған он мың ақш доллары керек деді. Менде акша жоқ деп ем проблема боп тұр деді. Сосын менде жана Тойота Raw 4 автоколігі бар дегесін мен онда сенде шын проблема боп тұрса өзімнің Мерседес бенс140 автоколігімді берейін дедім. Ол орнына Raw 4 автокөлігін беріп жіберетін болды. Содан түнде тағы бір кездесуге шақырды. Айдоспен бірге оның үй жағына барғанымда ол жақта «Аппақ Сәбиттің» өзі бірнеше баласымен тұр екен. Айдос оған «Өздерің білетін жаққа келе беріңдер» деді де, біз жүріп кеттік. Қала сыртына шыққанда машина тоқтап, екі жақтағы есік ашылды. Басыма ақ мата орап, белгісіз бір ғимаратқа апарып, соққының астына алды. Басымдағы қапты шешкенде алдымда 40 шақты жігітпен «Аппақ Сәбит» тұрды», - дейді ол. «Көзімді байлап қойды, іш киімімді ғана қалдырып шешіндірді де бір ғимаратқа кіргізді. Кіргеннен бастап соққының астына алды. Тырнағымның астына, шабыма дейін біз тықты. Әр соққының арасында менің криминалды мұнай саудасына көмектеспегенім үшін айыпты екенімді, сол үшін анамның айналысып отырған шаштаразы мен шағын дүкенін соларға беру керектігімізді айтты. Мен бас тарттым. Сол кезде жігіттер мені көтеріп алып, бетон еденге бар күштерімен санап тұрып 10 рет лақтырды. «Басқаларды екі-үш лақтырсақ есінен танып қалады, мынау есінен танар емес» деп айуандықпен қинады», - дейді жәбір көрген азамат. Н. Тұрмановтың айтуынша, қарақшылар денесінде қатты жарақат қалдырмау үшін кеудесіне, ішіне тақтай қойып, оның үстінен ағаш таяқпен ұрғылаған. Осылайша түнімен тепкінің астына алған. Айтқандарына көнбеген оны Сырдарияға апарып, суға ағызып жібермекке оқталады. Осы кезде Н. Тұрманов соңғы күшін жинап, Айдосқа үйіндегілерге кетерінде «Айдосқа барамын» деп кеткенін, өзін өлтірсе, бәрібір Айдостың әшкере болатынын айтады. Қарақшылар Н. Тұрмановқа «Аман қалғың келсе бізге «общакқа» 20 мың доллар ақша қосасың, заңсыз мұнай сатумен айналысасың» деген талап қояды. Бұл іске алдын ала дайындалғандары соншалық, оған қай баласы қай мектепте, нешінші сынып оқитынын, мектепке қай жолмен барып, қай жолмен қайтатынына дейін айтып береді. Айтқандарына көнбесе, балаларын көз алдында өлтіреміз деп қорқытқан. Осылайша, ол қарақшыларға банктен 20 миллион теңге алып беретін, несиені өзі жабатын болып шығады. Қансыраған Нұрланды қарақшылар таңға жуық есігінің алдына әкеп тастайды. «Олар мені үйге әкеп тастағанымен жай қоймады. Күндіз-түні үйімнің алдына қарауыл қойып, аңдумен болды. Кез-келген сәтте үйге кіріп келіп, қарулы жігіттер «Қай балаңнан бастап өлтірейік» деп қорқытатын болды. Сөйтіп, үйден де шыға алмай бір жарым айдан соң жасырынып шығып, дәрігерге бардым», - дейді ол. Сот-медициналық сараптама Н. Тұрмановқа денесінің әр бөлігіне 37 рет біз қадалғанын, үш қабырғасының сынып, екі бел омыртқасы сынып қисайғанын анықтайды. Сараптамадан соң ол қарақшылардың үстінен арыз жазу да Н. Тұрмановқа оңайға соқпайды. Үйін торуылдаған «Аппақ Сабиттің» адамдары оны аттап басқызбайды. «Банкте барлық құжат дайын, бізбен барып, қол қойып, 20 миллион алып бер де, жайыңа жүре бер» деп кідіңдегенін айтады Н. Тұрманов. «Бір жылға жуық уақыт өткенде бір күні «УБОП-тағылар» шақырып жатыр дегесін бардым», - деген ол осы жерде қорлыққа толы тағы бір кезең басталады. Қарақшылар тәнін қорлап, өзінің ғана емес, отбасының басына қауіп төндірсе, полиция қызметкерлерінің салғырттығы мен қылмыскерлерге тиісті шара қолданбауы жанын азаптап, үрей құшағында күн кешуге мәжбүрлейді. «Полицияда кезекші мені Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (УБОП) бастығы Ермек Искаковқа алып барды. Болған оқиғаны тегіс айтып, арыз жаздым. Е. Искаков мені жәбірлегендердің басқа да қылмыстары барын, жақында қолға түсіретінін айтып, шығарып салды. Кешке... Үйге «Аппак Сабиттің» өзі келіп, менің полицияға жазған арызымдағы сөздерді өзіме қайталап айтып берді», - дейді Н. Тұрманов. Қылмыстық топ серкесі тіпті, полиция бастықтарының біразы өз адамдары екенін, сондықтан, ештеңеден қам жемейтінін айтып мақтанған. «Менің арызымды полицияда екі-ақ адам білетін. Соның біреуі бәрін Сәбитке жеткізіп барған», - деп ашынады Н. Тұрманов. Бірақ, Нұрланның арызы бойынша «Бұзақылық» бабымен (!!!) қылмыстық іс қозғалған. Кейін көп ұзамай әлгі іс жабылып қалған. «Е. Искаков басында бәрін жабамыз, қаматамыз дегенмен, кейін сөзщінен тайқып, «Бұлар саған тиіспейді, денсаулығыңды қалпына келтіруге көмектеседі. Істі қысқартайық» деп шықты. Менің олардың кінәсін дәлелдеуге деген талпыныстарымның бәрі жауапсыз қалды», - дейді жәбірленуші. Н. Тұрманов Астанаға бірнеше шағым жазып, Бас прокурордың тапсырмасымен іс қайта қаралу керек болған. Сол кездегі Бас прокурор А. Дауылбаев өзінің аға көмекшісі Р. Бөлекбаеваға тергеу барысын бақылауға алуды тапсырған. Бас прокуратура облыстық, ол қалалық прокуратураға іста тексеру туралы хат жолдайды. Облыстық прокуратураның 2-басқармасы бастығы Е. Қожанов қала прокурорына тапсырма бергенін айтып, Н. Тұрмановты сендіреді. Облыстық прокуратура Н. Тұрмановқа жазған жауабында «Бұзақылық» бабымен қозғалған істің тоқтатылуы асығыстық болғанын, тергеудің қайта басталғанын, тергеушілерге бірқатар нақты тапсырмалар берілгенін, процессуалдық тәртіп бұзушылықтар үшін Қызылорда қаласы ІІБ-нің тергеушісі А. Омаровқа, істі тиісті бақылауға алмғаны үшін тергеу бөлімінің бастығы Қ. Әуезхановқа және оның орынбасары Б. Қопановқа тәртіптік өндіріс ашқаны, істің ары қарайғы тергелуін қала прокуроры жеке бақылауына алғаны айтылған. Н. Тұрмановтың шағымына ІІМ-нің орталық аппараты да назар аударып, Ішкі қауіпсіздік департаменті (ДСБ) бастығы қызылордадағы бағыныштыларына барлық жағдайды жан-жақты, объективті тексеруді тапсырады. Жәбірленушіні осыдан кейін облыстық Ішкі қауіпсіздік басқармасына (УСБ) шақырып, жауап алады. Н. Тұрманов іс бойынша Искаковқа барлық жайды айтқанын жеткізеді. Ал, ІҚБ (УСБ) қызметкерлері қалалық ІІБ-ден істі сұратқандарын, онда қылмыстық істің табылмағандығын айтқан... «Мен сол кезде ол істің ашылғанына да күмәндана бастадым. Егер шынымен сондай болса мен «Аппақ Сәбиттің» құдыретіне еш күмәнім қалмайды», - дейді амалы таусылған жәбірленуші. «Соған қарамастан былтыр тамыз айының соңына таман істе біраз алға жылжу болды. «Бопсалау» бабы бойынша іс қайта қозғалып, онымен «УСБ» қызметкерлері айналыса бастады. ІІМ тапсырмасы бойынша Қызылорда облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығы Ерлан Есахаев тексеруді бастап, бірқатар погонды қылмыскерлердің де ізіне түсе бастады. Мен істің бұлайша алға басатынына үміттенбеген де едім. Әділдік іздеп қаншама табалдырықты тоздырдым. Аз ғана уақыттан соң жәбір көрсеткендер жазаланып, мен өзімнің және отбасымның өміріне төнген қауіптен арылатындай болдым. Амал не, қылмыскерлер де қарап отырмапты, полиция басшылығы істі тергеуге алған Есахаевты лауазымынан алып тастады. Бұл жерде мен жергілікті мафия полициядан да пәрменді екеніне тағы көз жеткіздім. Сәбит маған бірнеше рет прокуратура мен полицияда қаншама іс тындыратынын, тіпті, кадрлық мәселелерді де шеше алатынын айтқан еді», - дейді Н. Тұрманов. Осылайша, әр күні үрей құшағында өтіп жатқан Н. Тұрманов заң орындарының дәрменсіздігіне налиды. Басынан өткен жағдай мен полицияның немқұрайлығы туралы бірнеше республикалық ақпарат құралдары жазса да, істің оңалар түрі жоқ. Өзін жәбірлегендер әлі бостандықта жүр. «Қалалық прокуратура 10 тамызда жолдаған хатында «арызда айтылған жағдайлардың дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық істің тоқтатылғанын» айтып отыр. Бұл – күлкілі жағдай. Мені жәбірлегендердің ішкі істер, прокуратура органдарында қолдаушылары бар, туыстары қызмет етеді. Солардың қамқорлығында болған соң олар осылай еркінсиді» дейді Н. Тұрманов. Н. Тұрмановтың айтуынша, Астанаға дейін шағымданып, ақпарат құралдарына жариялағаннан соң «Аппақ Сәбиттің» адамдары қоқан-лоққы көрсетуін қойған. «Алайда, бұл адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіріп, ірі көлемде ақша бопсаламақ болғандардың қылығын ақтауға негіз бола ала ма?», - дейді Нұрлан». 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 7 ай бұрын

    АппақАппақ Сəбитті құзырлы органдар қолдап отса крышасы Искаков Ермекті де құрту керек Искаков Убоп Бастығы боп тұрғанда Аппак Убоп Бастығы Искаковтың кабинетінде Искаковтын компютері арқылы бүкіл Мвд базасына кіріп отыратын еді кімге ОПГ даиындалып жатыр бəрін көріп отырып солардан ақша сындыратын өтірік па Искаков Ермек

    • 7 ай бұрын

      Үсеновтен кейін-ақ мына заңнан не үміт, не қайғы? Анау Сәбитбек өзіне сенімді, шыққан соң ісімді қайтадан жалғастырам дегендей. Кім жазалайды оларды, кімне жүгінуге болады? Елімізде қашан әділдік орнайды? Демім таусылғанша сол әділдікті көріп өтсем екен

      • 7 ай бұрын

        Эи Таимбетов Бағбан саған арқа сүйеген Аппак біраз адамды сындырды ау қанша адамды анаша екен плантацисында жок боп кетті əиелдері арызданғанмен жоқ қып оттын ғои ол үшін қанша адам жертва қылдыңдар ау енді уақыт келе қозғалуда дұрыс жазасын ал соттал сенде ақшаға сатылғансын дар обалдарын жок

        • 7 ай бұрын

          Алаяк Нурлан жане журналист сымактар... Кандай касиби жалгасып жатыр? Багбан уй камакта отырса калай кызылордага келди? Текей батырдын 350 жылдыгына Багбан калай келди? И сосын алаяк турманов жындыханадан учеттан калай шыкты?

        • 6 ай бұрын

          @Какім Эи Таимбетов Бағбан Аппактын крышасы екені өтрік па бүкіл Қызылорда біледі

        • 6 ай бұрын

          @Какім Аппақ соталғанмен балалары қамалған жоқ олар сол нолажныи канал арқылы бəрібір жұмыс істеп отыр ғои өтірік па қанша джиптерді тығып ұстап отыр балалары менттары бəрі де қанша ақша контробанда нашалар жұмыс істеп отыр ғои

      1
      Алтайда дауыл кезінде жоғалып кеткен 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
      24/06 17:19 0 822
      2
      Неке жарамды болуы үшін...
      24/06 14:54 0 455
      3
      Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды
      24/06 14:03 0 4579
      Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды
      24/06 13:27 0 232
      Түрік ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды
      24/06 12:24 0 404

      Таныстырылғандар

      Серікбай қажы ОРАЗ. Қадір түні – тағдыр түні
      Серікбай қажы ОРАЗ. Қадір түні – тағдыр түні
      Серікбай қажы ОРАЗ. Қадір түні – тағдыр түні
      Хақ-Тағаланың бір түндік ғибадатты мың айдан да қайырлы етуі, сөз жоқ, Жаббар-Хақтың мұсылман үмбетіне деген ерекше мейірімі мен рахымдылығы еді.
      11/06/2018 11:28 5 1582
      Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуінен видео жарияланды
      Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуінен видео жарияланды
      Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуінен видео жарияланды
      «Біз бұл жерге аяққа тұсау болған бұрынғы кедергілердің бәрін артқа тастап келдік», - деді Солтүстік Кореяның басшысы.
      12/06/2018 11:04 0 1044
      Мен бала кезімде Қадір түнінің сәулесін көргенмін...
      Мен бала кезімде Қадір түнінің сәулесін көргенмін...
      Мен бала кезімде Қадір түнінің сәулесін көргенмін...
      Бөлменің іші адам бетіндегі кішкентай мең де көрінетіндей жап-жарық болып кетті! «Мәссаған, бұл не?», – деп орнымнан ұшып түрегелдім.
      12/06/2018 12:36 1 1950
      Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
      Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
      Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
      «Өзбекконцерт» директоры Азамат Хайдаров айтуынша, мемлекет басшыларына клип түсіру немесе өлең арнау этикаға жатпайды.
      13/06/2018 10:33 0 2815
      "Әблязов бейнероликке кәсіби актер мен модельдерді түсірген" (видео)
      "Әблязов бейнероликке кәсіби актер мен модельдерді түсірген" (видео)
      "Әблязов бейнероликке кәсіби актер мен модельдерді түсірген" (видео)
      Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.
      14/06/2018 11:24 0 2987
      Астана қаңғыбастары Елорданың 20 жылдығына тағы қуыла ма?
      Астана қаңғыбастары Елорданың 20 жылдығына тағы қуыла ма?
      Астана қаңғыбастары Елорданың 20 жылдығына тағы қуыла ма?
      Астанада үй-күйсіз жүрген адамдарды табу қиын емес.
      14/06/2018 12:15 0 1237
      Мүфтият Қазақстан бойынша айт намазының уақытын белгіледі
      Мүфтият Қазақстан бойынша айт намазының уақытын белгіледі
      Мүфтият Қазақстан бойынша айт намазының уақытын белгіледі
      Астана қаласында 07:00 болса, Алматыда 06:00-де басталады.
      14/06/2018 12:39 0 2060
      Бас мүфти отандастарымызды Ораза айтпен құттықтады (видео)
      Бас мүфти отандастарымызды Ораза айтпен құттықтады (видео)
      Бас мүфти отандастарымызды Ораза айтпен құттықтады (видео)
      Қасиетті жұма күнімен қатар келген айт мейрамы құтты-берекелі болғай!
      14/06/2018 18:06 0 413
      Египетте қазақ тілін оқытатын болады
      Египетте қазақ тілін оқытатын болады
      Египетте қазақ тілін оқытатын болады
      Іргесі 1908 жылы құрылған Каир университеті Таяу Шығыстағы ең ірі «Әл-Азхар» университетінен кейін екінші орында.
      15/06/2018 17:34 0 1645
      Трамп желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді (фото)
      Трамп желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді (фото)
      Трамп желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді (фото)
      Әлем бойынша қызу талқыланған суретте үстелде отырған Трампқа Германия канцлері Ангела Меркель тесіле қарап тұр.
      16/06/2018 09:59 0 1840
      Мырзан Кенжебай. Басты мәселе хан  Кененің  басы ма?
      Мырзан Кенжебай. Басты мәселе хан Кененің басы ма?
      Мырзан Кенжебай. Басты мәселе хан Кененің басы ма?
      Біз бұл жерде егер Кенесарының басы Эрмитажда жатқаны рас болса, оны әкелмейік деп отырған жоқпыз. Әкел. Жерле.
      18/06/2018 13:15 0 2048
      Дәурен Абаев: Қытайлардың Қазақстанға ағылып жатқаны – миф
      Дәурен Абаев: Қытайлардың Қазақстанға ағылып жатқаны – миф
      Дәурен Абаев: Қытайлардың Қазақстанға ағылып жатқаны – миф
      Ақпарат және коммуникация министрі дәурен Абаев «Ашық әңгіме» бағдарламасында Қазақстандағы синофобия жайлы өз пікірін айтты.
      19/06/2018 11:49 0 1812
      Соңғы бес жылда Қазақстанда 50 жетімдер үйі жабылған
      Соңғы бес жылда Қазақстанда 50 жетімдер үйі жабылған
      Соңғы бес жылда Қазақстанда 50 жетімдер үйі жабылған
      Мұндай мекемелердің қысқару себебі – ата-аналарының қамқорлығынсыз қалып, интернаттарға жіберілген балалар санының азаюы болып отыр.
      21/06/2018 12:03 0 606
      Туризм үшін ең қауіпті мемлекеттер аталды
      Туризм үшін ең қауіпті мемлекеттер аталды
      Туризм үшін ең қауіпті мемлекеттер аталды
      2017 жылы аталмыш елге байланысты сақтандыру компанияларына шағым көп түскен.
      22/06/2018 10:28 0 1568
      Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды
      Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды
      Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды
      Табиғи апаттың зардабын жою штабының дерегі бойынша, мұндай бүлінулер 16 қала мен кентте тіркелген.
      24/06/2018 13:27 0 232