• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:26:06
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2017 Әлеумет

«Анаға апарар жол» фильмі Оскар сыйлығына лайық емес»

Бүгінде Қазақстандағы «Оскар» кинопремиясы бөлімінің төрағасы Сатыбалды Нарымбетов «Анаға апарар жол» фильміне үлкен үміт артатынын айтқан.

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің Қазақстан атынан Оскар сыйлығына ұсынылғаны белгілі. Алайда, фильм Оскарды ала ма, жоқ па, қаншалықты мүмкіндігі бар, бұл сұрақтарға informburo.kz жауап іздеп көрді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Фильмнің негізгі көрсетпек болған ойы – ананың балаға деген шексіз махаббаты, қанша жыл өтсе де, бір кездері айырылып қалған баласын өмір бойы күтуге дайын ананың асқан төзімділігі. Әрі ана рөлін сомдаған актриса Алтынай Нөгербек аталмыш рөлді ойдағыдай алып шықты.

Жұт, репрессия заманы... Фильм Ілияс атты кейіпкердің дүниеге келуімен басталады. Сәбиді боранды түнде дүниеге әкелген режиссер оның тағдырының да өткел жолдардан тұратынын көрсетпек болды. Бала кезінен анасынан қол жазып қалған Ілияс Қытай, Түркия және өзге де мемлекеттерді шарлап, Колымадан бірақ шығады. Адасқан жолдардан анасын, ұнатқан қызы Үмітті іздейді. «Ілияс пен Үміттің алғаш вокзалда кездесіп, сол уақытта қоштасқан сәті – Михаил Калатозовтың «Летят журавли» картинасының дәлме-дәл көшірмесі» дейді informburo.kz тілшісі.

Днепрдегі шайқас алаңы өз деңгейінде түсірілген. Фильмнің соңында Ілияс анасынан жастайынан қол үзіп қалған мекенге дәл сол жолдармен қайта оралады.

Бүгінде Қазақстандағы Оскар кинопремиясы бөлімінің төрағасы «Анаға апарар жол» фильміне үлкен үміт артатынын айтқан, әрі аталмыш фильмді халықаралық сыйлыққа әбден лайық деп санады. 

Ал «қазақстандық фильм күндердің бірінде Оскар сыйлығын иемдене алады ма?» деген сұраққа көптеген сарапшылар ойланбастан басын шайқайды. Сатыбалды Нарымбетовтың айтуынша, картина американдық киноакадемиктердің жүрегін елжірете алмауы мүмкін, себебі онда конъюнктуралық образдар жоқ.

«Бұл қазақстандық киноның алтыншы шабуылы. Бұдан бұрын «Моңғол», «Келін» фильмдерін шығарғанбыз. Бұл – саясиланған лотерея. Осы жылы қандай фильм Оскар сыйлығын иеленді? «Лунный свет». Ал фильмнің не жайында екенін білесіздер ме? Көгілдер негрлер туралы... Міне, Оскар комиетінің портерті пайда болды. Канн да, «Оскар» да саясиланған. Саясат пен өнерді байланыстыру дұрыс емес», – деді Нарымбетов.

Киносыншы Дмитрий Мостовой «Анаға апарар жол» фильміне шолу жасағанда фильмнің жоғарғы дәрежеде түсірілгенін жазған, алайда Оскар сыйлығына лайық деп санамаған.

«Меніңше, ешқандай мүмкіндік жоқ. иә, фильм Ақан Сатаевтың ең үздік шығармасы. Бірақ Оскарға лайық емес. Оның үстіне «Шет тілдегі ең үздік фильм» номинациясын алу мүмкіндігі жоқ. Бұл номинация бойынша көбіне экзотикалық фильмдер ұсынылады», – деп жазды Мостовой.

Сондай-ақ фильмнің заманауи емес екенін ескеріп, бірінші раундта-ақ құлайтынын айтты.

Өз кезегінде актер, әрі киносышы Кәрім Қадырбаев отандық Оскар комитенінің әр жылы  бір қателікті қайталап жатқандарын ескертті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір