• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:59:50
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2018 NEWS

Ан-148 құлаған жерде мәйіттің мыңнан астам бөлігі табылды

Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі мен 500-ге жуық ұшақ сынығы табылды

Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі мен 500-ге жуық ұшақ сынығы табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтының дерегіне сүйеніп.

"Ұшақтың апатқа ұшыраған жерінде 1400 мәйіт бөлігі мен 495 ұшақ бөлшегі табылды", — дейді төтенше оқиға орнындағы жедел штаб өкілі. 

Оқиға орнында іздеу жұмыстарын жүргізуге қалың жауған қар кедергі келтіріп отыр, арнайы техника мен дрондар жұмылдырылған. Іздеу шаралары тағы бір аптаға созылатын болды.

Екі қара жәшік табылып, Мемлекетаралық авиациялық комитет талдау жұмыстарын бастап кетті.

Еске салсақ, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны анықталды.  «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір