• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:39:57
Алматы
+35°

16 Шілде, 2018 Әлеумет

Америкалық спортшы Африкадағы бүтін бір тайпаны құлдықтан құтқарды

Джастиннің оқиғасы адамдар шын қаласа жақсы жаққа қарай өзгере алатынын және әлемнің кішкене бөлігін болсын өзгерте алатынын дәлелдей түседі.

«Мен адамдармен алысып келдім, бірақ керісінше қоғам мүддесі үшін күресуім керек еді». Бұл америкалық балуан Джастин Ренудің сөзі. Бір кездері спортшы депрессияға түсіп, өмірден түңіліп, есірткі қабылдай бастады. Оның Африкадағы әрекеті қиындықтан құтылуға түрткі болды. Ол пигмей тайпасын құлдықтан құтқарған. Джастин Рен жауласқан екі тараптың мәселесін еш соғыссыз шешіп берді.

Джастиннің оқиғасы адамдар шын қаласа жақсы жаққа қарай өзгере алатынын және әлемнің кішкене бөлігін болсын өзгерте алатынын дәлелдей түседі.

Джастин Рен бала кезінен спортқа жақын болды. Бастапқы кезде ол рестлинг пен грек-рим күресіне қызықты. Күреспен айналысқаннан кейін танылды. 18 жасынан бастап күреспен кәсіби түрде айналыса бастады. 22 жасында The Ultimate Fighter реалти шоуына қатысты. Оған түрлі ұсыныстар түсе бастады. Алайда көп уақыт өтпей спортшы есірткі қабылдап, ішімдікке әуестене бастады. Бірнеше мәрте өзіне қол жұмсамақ болған. Басына түскен осындай қиын жағдайдан қалай шығу керектігін білмеді. Конгоның тропикалық орманында жүріп, бүтін бір тайпаны құлдықтан құтқарып алғаннан кейін өмірге құштарлығы оянған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір