• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 11:04:20
Алматы
+35°

30 Қараша, 2017 Саясат

Алматыдағы Фурманов көшесіне Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

Алматы қаласындағы Фурманов көшесінің атын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру шешімі қабылданды

Бүгін Алматыда өткен қалалық VI мәслихатта Республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен қаладағы Фурманов көшесінің аты тұңғыш Президент, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына өзгертілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл ұсынысты қала тұрғындары көптен бері айтып жүрген болатын. 
 
Отырыс барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек ономастикалық комиссияның шешімі 112 көше атын өзгерту туралы қала интеллегенцияларының, ғылыми өндірістік бірлестіктер, тұрғындар, әсіресе жастар тарапынан жасалған ұсыныс бойынша, Алматыдағы ең ірі көшелердің бірі Фурмановқа Елбасы аты берілді. 
 
"Осы жылы біз Астананың 20 жылдығын тойлаймыз. Қарап отырсақ, бүгінде Елбасының шешімі қаншалықты дұрыс болғандығына көз жеткіземіз. Тек Еуразия жүрегінде орналасқан заманауи қала тұрғызып қана қоймай, Алматының да дамып, зор іскерлік орталыққа айналдыруға өз үлесін қосты. Сондықтан, бүгінде Алматы ең ірі Орталық Азиялық мегаполис", деді Байбек. 
 
 
Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір