• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:06:00
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда үздік журналистер мен блогерлер 1 млн теңгеден жүлде алады

Алматыда елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылатын медиа-конкурс жеңімпаздарына 1 млн теңгеден беріледі

Алматыда елорданың 20 жылдығына орай  ұйымдастырылатын медиа-конкурс жеңімпаздарына 1 млн теңгеден  беріледі.

Конкурсқа журналистерден бөлек, фотографтар және әлеуметтік желіде жазба жариялайтын блогерлер де қатыса алады. Сондай-ақ,  бүгінде Қазнетте танымал болған  әзіл бағытындағы бейнежазбалардың авторы - вайнерлерге  де бақ сынауға мүмкіндік бар.

Алматы ішкі саясат басқармасы басшысы орынбасары қызметін атқарушы Еркебұлан Кенжеболатовтың айтуынша, жолданған жұмыстар түпнұсқа болуы тиіс.  Ал мазмұны Астананың әлеуметтік-экономикалық  дамуымен байналысты болуы шарт.

«Өмірлік  сипаттарға ие  «вайн» аталатын бейнероликтерге  казіргі таңда Қазақстандық желі қолданушыларының  қызығушылығы  артқан.  Мұндай жанрдағы бейне жазбалар  миллиондаған қаралымға ие болып жатыр.  Медиаөнердің бұл түрінің қанат жайып келе жатқанына  көз жұмып қарай алмадық. Сол себепті де конкурс аталымына «вайнды» қостық. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Бір аталым жеңімпазы бірнеше адам болуы да мүмкін»,  - деді  Еркебұлан Кенжеболатов.

Қатысушылардың өтініші  15 маусымға дейін қабылданады. Конкурс үздік телевизиялық жоба, радио жұмысы, баспасөз беттеріне басылған үздік мақала, әлеуметтік желілерде жарияланған үздік жазба, ақпарат агенттіктеріндегі ең үздік жарияланым, үздік фотоматериал және вайн аталымдары бойынша өтеді.  Жүлдегерлердің есімі ай соңында белгілі болады.

Жолданған жұмыстар танымал медиатұлғалар, медиахолдинг басшылары мен редакторлар тарапынан талқыға түсіп, бағаланады. НТК телеарнасының ақпараттық бағдарламалар директоры Әділ Лиян мен вайнер Серік Шәріп аталаған жобаға қазылық ететіндерін мәлім деді.

«Сайысқа қатысушы өз материалын қаншалықты ашып көрсете алғандығын,  шығармашылық тәсілін, ешкімді қайталамайтын түпнұсқа екендігін тексереміз. Мейлі ол 20 жылдық тәжірибесі бар журналист пе, өз қызығушылығымен түрлі қызықты жазбалар жариялайтын немесе күлкілі бейнежазба түсіретін адам ба, маңызды емес, маңыздысы - креативке толы  әрі  кәсіби  жасалған материал болуы керек», - деді Серік Шәріп.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір