• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:47:09
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Алматыда үш тілде білім беретін «LITTLE STEP» шағын орталығы ашылды

«LITTLE STEP» орталығы 80 орынға арналған жаңа шағын орталық. Инвестиция сомасы 4 млн. теңгені құрады.

2017 жылдың 18 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында Алматы қаласының Медеу ауданында «LITTLE STEP» шағын орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.  

Орталықтың ашылу салтанатына Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Е.Ж.Жылқыбаев, Медеу ауданының білім бөлімінің бастығы А.А.Сапарова, білім ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және тұрғындар қатысты.

Орталық директоры Ысқақова Сая Саятқызы орталықтың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтті:

 «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі атап өткен: «Білім беру жүйесі үш тілде жүезег асырылуы тиіс» деп. Соған орай біздің орталық үш тілді білім беру жүйесіне негізделген. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. «LITTLE STEP» балаларды дамыту орталығының ерекшелігі де осында. Себебі қазіргі заманда кез келген бала үш тілді жетік меңгеруі тиіс. Және болашақта мамандық таңдауда да көмегіміз тиеді деп ойлаймын», - деді Сая Саятқызы.

балабақша

Шағын орталықтың оқу бағдарламасында балалар кез келген пәнде қосымша білім ала алады. Сонымен қоса, балалардың ойлау және логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында тоғызқұмалақ және шахмат ойындары да жүрігізіледі. 2 жастан басталған балалар үшін ми және тіл дамыту пәндері өтеді. Сондай-ақ, оқу бағдарламасы «Алматы кітап» баспасына негізделген.

 Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Е. Ж. Жылқыбаевтың айтуынша, ауданда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үшін 2 082 орын жетіспеушілігі байқалады.

«Осы сынды жетіспеушіліктерді ескеріп, былтырғы жылдан бастап балабақшаларды ашуды қолға алдық. Нәтижесінде 21 жекеменшік балабақша аштық. Инвестиция көлемі 2,4 млрд. теңгені құрады. Балабақшаларды салу үшін бос тұрған тұрғын үйлер мен коттедждерді пайдаланып келдік, кәсіпкерлер де қолдау танытып, инвестиция салады.

1 жарым жылда 29 балабақша аштық, нәтижесінде балабақшаға кезекте тұрған балалардың саны 25%-ға қысқарды», - деді аудан әкімі.

Әкім

Сондай-ақ, білім беру сапасы мен тамақтану режиміне дейін жіті бағаланатынын тілге тиек етті. Әрі үш тілді білім беру жүйеісне негізделгенін айтты.

«Балабақшада 5 уақыт тамақ беріледі. Кейбір балабақшаларда балаларды әкеліп, үйлеріне жеткізетін автобустар ұйымдастырылған. Және білім беру сапасы, дұрыс тамақтану, сондай-ақ қауіпсіздік жағы да жіті бақыланады», - деді Жылқыбаев.

Әкім

Бүгінде инвесторлардың арқасында мектепке дейінгі ұйымдарда ағымдағы жылдың аудандағы орын тапшылығын азайту мақсатында 291 орынға 7 мектепке дейінгі мекемелер ашылды. 469 орын тапшылығын азайту мақсатында 12 жаңа жеке мектепке дейінгі мекемелерді ашу жоспарланып отыр.

 Ағымдағы жылы 351 орынға арналған 8 жекеменшік балабақша және 105 орынға арналған 6 шағын орталық ашылды. 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Иныестиция көлемі 177 млн. теңгені құрады.

әкім

2017 жылдың аяғына дейін инвесторлар есебінен 6 мектепке дейінгі оқу орталығын ашу жоспарланбақ.

Орталық

Айта кетейік, «LITTLE STEP» орталығы 80 орынға арналған жаңа шағын орталық. Инвестиция сомасы 4 млн. теңгені құрады. Орталықта 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қосымша білім алады.

Орталық

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Е. Жылқыбаев білім беру орталығының ішін аралап, сабақ жүргізілу барысын бақылап шықты. Айтуынша, әкімдік тарапынан бақылау айына кемінде бір рет жүріп тұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір