• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:13:54
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Аймақтар

Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды

Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды

Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды.

Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек орталықта қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе  принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты.

Қаланың Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтың Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаполистің  туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес, жол карталары мен тау бағыттарының атластарын, туроператорлар брошюраларын, мәдени- бұқаралық шаралардың анонстарын беретіндігін айтты.

Сонымен қатар экскурсияға, сувенир бұйымдарға тапсырыс алатындығы, ең бастысы туристер үшін мобильді байланыс операторының SIM-картасын бейімдеуді жүзеге асыратындығы аталып өтті. Қазіргі кезде барынша танымал локацияларда ақпараттық туристік киоскілер ашу мәселесі қарастырылуда.

Басқарма басшысы өзінің сөзінде  мұндай орталықты ашу Париж, Лондон, Дубай, Нью-Йорк, Барселона сынды туризм саласы дамыған  қалалар тәжірибесінен алынғандығын жеткізді.

«Қазірдің өзінде www.visitalmaty.kz  ресми сайты жұмыс істеуде, кейін ол жеті тілді қамтитын болады. Сайтта қаланың танымал көрнекті орындары, ұлттық мәзір дайындайтын мейрамханалары, оқиғалар тізбегі туралы толық ақпараттар жарияланады. Визит орталықта кеңес беру, сувенир, сөйлесу, түрлі шаралар өткізудің интерактивті аймақтары қамтамасыз етілген. Техникалық тұрғыда орталық ашылғалы бері 109 турист хабарласты», - деді орталық директоры Әсел Нұркебаева.

Ол саяхатшылар үшін төтенше жағдай туындаған кезде түрлі мәселені жедел шешетін шұғыл желі құрылғанын да атап өтті.

Жалпы, «Алматының визит орталығын» болашақта мемлекеттік-жекешелік  әріптестіктің катализаторына және Алматы кластерінің туристік девелопментіне айналдыру жоспарланған. Халықаралық нарықта туристік әлеуетті көрсету жобаларын жүзеге асыру, өңірдің рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігіне  талдау жасау, туризмді дамыту мүмкіндіктерін іздестіру, осы салада түрлі зерттеудер жүргізу ТАО жұмысының басты бөлігі болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір