• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:27:14
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда трамвай жолдарына байланысты көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды

Алматының бірқатар көшелерінде трамвай жолдарын алып тастауға байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

Алматының бірқатар көшелерінде трамвай жолдарын алып тастауға байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Т.Жароков көшесінің бойында К.Тимирязев пен Өтепов көшелеріне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Бұл көшелерде 23 мамыр мен 15 шілде аралығында трамвай жолдарын демонтаждау жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ А.Ясауи көшесінің бойы Ф.Шаляпин мен Қарағанды көшесіне дейін 22 мамырда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жабылады. Қабанбай батыр көшесі бойында М.Масанчи мен С.Сейфуллин даңғылы аралығы 21 мамыр түннен 22 мамыр таңға дейін қозғалыс тоқтайды», делінген баспасөз хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір