• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:54:43
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыда шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы брифинг өтті

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында шетелде білім алу мүмкіндіктері және «Болашақ» халықаралық ...

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында шетелде білім алу мүмкіндіктері және «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау қағидаларына және құжаттарды тапсыру тәртібіне енгізілген өзгерістер жөнінде брифинг өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Брифингке «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Нұрманов Алтай Нұрланұлы қатысты.

 Алтай Нұрланұлының берген ақпаратына сүйенсек, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Жарлығымен құрылған.

Бағдарлама мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау. Бағдарламаның іске асырылған уақыты ішінде стипендия Қазақстанның 12 мыңнан астам азаматына тағайындалды, 10 000 маман даярланды. Қазіргі кезде 1053 стипендиат оқу үстінде.

Сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандырумен және үкімет аралық келісімдерді іске асырумен айналасыды.

Бүгінгі күні Польша, Малайзия, Ресей және басқа елдердің жоғары оқу орындарында оқу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда.

Ағымдағы жылда «Болашақ» бағдарламасына келесі өзгертулер енгізілді:

- шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен тұлғалар үшін дипломның орташа балына қойылатын талап 3,0 балға дейін төмендетілді;

- тағылымдамадан өту үшін «Ғылыми қызметкерлер», «Астана» халықаралық қаржы орталығын құруға қатысты сот, прокуратура, қаржы секторы қызметкерлері» және «Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік» санаттары белгіленді.

Сондай-ақ, үкіметаралық келісімдер негізінде шет мемлекеттер Қазақстан азаматтарына 10 000 грант ұсынуда, қазіргі уақытта олардың көбісіне құжаттар қабылдау жүргізілуде.

2018 жылғы 23 сәуірден 15 мамырға дейін Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында Ресей жоғары оқу орындарында оқуға арналған бюджеттік орындарға қабылдау емтихандары өткізіледі, - деп сөзін түйіндеді Алтай Нұрманов.

Ресейде білім алудың артықшылықтары:

Географиялық орналасуы

Тілдік барьердің жоқтығы

Сапалы білім

Әлем бойынша бағаланатын және танылатын диплом

Халықаралық байланыстар

Студенттерге жеңілдіктер:

Тегін білім алу;

Жатақхана;

Қоғамдық көлікпен жүру;

  • мұражайларға,
  • кітапханаларға,
  • театрларға,
  • концерттерге
  • парктерге
  • өзге қоғамдық және ойын-сауық орындарына баруға жеңілдіктер

Қабылдану / Түсу тәртібі:

Өтініш

Аттестат немесе диплом (алған кезде)

Жеке куәлік немесе төлқұжат

4-6 фотосурет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір