• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:56:17
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматыда сатып алынатын электр энергиясының бағасы 1,5 млрд.теңгеге азайған

Алматы қаласына сатып алынатын электр энергиясының бағасы 1,5 млрд.теңгеге азайған

Алматы қаласына сатып алынатын электр энергиясының бағасы 1,5 млрд.теңгеге азайған.

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Сәмбетовтің қатысуымен брифинг өткізілді. 

Болат Қуанышбекұлы өз баяндамасында 2016 жылдың соңында Департаментке «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясымен жабдықтау қызметінің тарифін өзгерту өтінімімен жүгінген болатын. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының тарифі 1,6%-ға өсті. Аталған өзгеріс энергия беруші ұйымдардың және қосымша қызметтердің (қуатты реттеу, KEGOC-пен теңгерімдеу және т.б.) тарифтерінің өсуіне байланысты. Өз кезегінде, электр энергиясының өзіндік құнын азайту мақсатында, Әкімшілік пен «Самрұқ Энерго» АҚ арасында Меморандум жасалған. Осы Меморандумға сәйкес, қалаға сатып алынатын электр энергиясының бағасы 1,5 млрд.теңгеге азайып және халыққа тарифтің өсуі 1,5% тоқтатылды (Екібастұз ГРЭС-1 8,42 тг-ден 7,29 тг. дейін),-деп атап кетті ол. 

2017 жылдың соңында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өз қызметтерінің тарифін 6,7%-ға көтеруге ниеттенгенін атап өту қажет. Алайда, компанияның ішкі резервтерін ескере отырып, бағаның өзгеруінің қажеттігін қосымша талдау мақсатында монополистің өтінімі қайтарылды. Содан кейін, аталған компания ағымдағы жылдың наурыз айында 1 мамырдан бастап  электр энергиясымен жабдықтауға тарифті 3,8%-ға көтеруге өтініммен жүгінді. Алайда, кәсіпорынның шығындарын егжей-тегжейлі әрі жан-жақты қарастырып, талдаудың нәтижесінде Департаментпен қолданыстағы 16,36 теңге/кВтс ҚҚС-сыз көлемінде тарифті ұстап тұру туралы шешім қабылданды, - деп айтып өтті Болат Сәмбетов өз сөзінде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір