• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:15:57
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда «Рухани жаңғырудың тірегі – тіл» байқауының марапаттау рәсімі өтті

Алматы қаласы әкімінің аппараты басшылығының қатысуымен «Рухани жаңғырудың тірегі – тіл» атты байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Бүгін Алматы қаласында Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназия қабырғасында («Көктөбе» ықшам ауданы, З.Космдемьяеская, 69) Алматы қаласы әкімінің аппараты басшылығының қатысуымен «Рухани жаңғырудың тірегі – тіл» атты байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздің ұлы Тәуелсіздік Күні қарсаныңда Алматы қаласы әкімі Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлының қолдауымен, «Көктем Group LTD» ЖШС директоры Мұрат Әділханұлының демеуімен 2017 жылғы желтоқсан айының 4-12 күндері аралығында Алматы қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында «Рухани Жаңғырудың тірегі – тіл» байқауы өткізілген болатын.

Айта кетер болсақ, байқаудың мақсаты мен міндеттері төмендегідей болған:

  • Мемлекеттік тіл қолдау саясатын арттыруды насихаттау, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің қоғамдық мәртебесі мен беделін арттыру.
  • Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, таланты педагогтарды анықтау, оларды қолдау және марапаттау;
  • Мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және өзін-өзі танытуына жағдай туғызу;
  • Қазақ тілі пәні мамандығының беделін көтеру, олардың озық тәжірибелерін тарату болып табылады.

«Рухани Жаңғырудың тірегі – тіл» байқауына барлық жалпы білім беру ұйымдарындағы қазақ тілінде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысып, қаламыздың 8 ауданынан озып шыққан 3 үміткерден, барлығы 24 үміткер өз құжаттарын үсыну мүмкіндігін алды.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Рахат Сейдахметовна Шимашеваның бұйрығымен әділ қазылар алқасы тағайындалды: төрағасы Жүнісова Майра Абибуллақызы – Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Үздік оқытушысы – 2016 мемлекеттік грантының иегері.

Төрағаның орынбасары Шимашева Рахат Сейдатметқызы - Алматы қаласы білім басқармасының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазылар алқасының мүшелері – Миразова Аягүл Төреқызы Қазақстанның Еңбек Ері, Алматы қаласының құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Алматы қаласы директорлар кеңесінің төрайымы Әділханов Мұрат Әділханұлы – Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, Koktem Group LTD ЖШС директоры, меценат, байқаудың демеушісі, Қалымбет Бақыт Әбиірұлы - Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы, Темурбаева Сафура Сәлембайқызы №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Республикалық «Үздік педагог – 2015» байқауының жеңімпазы, Рыскелдиева Гүлмира Дәулетқызы №62 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Республикалық «Үздік педагог – 2015» байқауының жеңізпазы болып табылады.

Аталмыш байқау байқау 3 кезең бойынша өткізілген болатын:

Оқу сауаттылығы: «Сауаттылықтың шыңы - түсінік!» деген атаумен өтті. Кезеңңің мақсаты, қатысушылардың көсіби білім білік дағдылардың, педагогикалық психологиялық және пәндік, білім мазмұндарын аныңтау компьтер арқылы тест алу формасында өткізілді. Ең жоғарғы ұпай саны 40 сұраққа 40 ұпай белгіленді.

Эссе жазу: «ЭССЕ – шығаршылық ойдың жемісі» деп аталды. Қатысушылар ұсынылған 4 тақырыптың біреуін таңдап алып ЭССЕ жазды. Тақырып бойынша ЭССЕ жазу уақыты 60 минутқа белгіленді. Ойы орамды, мазмұны лайықты деп таңылған ЭССЕге 50 үпай берілді.

Өзін-өзі таныстыру: «Білім беру жүйесіндегі менің пәнім және мен!» Бұл кезеңде қатысушылар 3 минут уақытта, өз бейне роликтерін ұсына отырып, ары қарай өзінің білім жүейсіндегі, пәнді меңгерту жағашылықтарын таныстыруға мүмкіндік алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір