• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:41:57
Алматы
+35°

16 Маусым, 2018 NEWS

Алматыда құны 2 млрд теңгеден астам антиквариат тәркіленді

Алынған заттардың алдын ала бөлшек сауда құны 2 млрд астам теңгені құрайды.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы МКД Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп, антиквариат заттарының айналымымен айналысқандарды ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алынған заттардың алдын ала бөлшек сауда құны 2 млрд астам теңгені құрайды. Алынған заттар қатарында: жалпы құны 261 млн теңгеге 367 шығыс қолжазбасы (ХІ – ХІХ ғ.ғ.) мен литографикалық (ХVІІІ ғ. – ХХ ғ. басы) кітаптар, құны 1.5 млрд теңгеден артық Пабло Пикассо картинасы, қылыштар, мылтықтар, картиналар, вазалар мен басқа да мәдени-тарихи құндылықтар. Тарихи құндылығын нақтылау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 234-бабы 2-бөлімімен (Экономикалық контрабанда) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір