• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:07:50
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті архивінде дөңгелек үстел отырысы өтті

Жиын Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы бағдарламасы - «Қазақстан -2030» стратегиясының қабылданғанына 20 жыл толуына орай өткізілді

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті архивінде «Қалыптасқан мемлекеттің стратегиялық серпілісі: «Қазақстан - 2030-дан» «Қазақстан-2050» - ге» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиын Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы бағдарламасы - «Қазақстан -2030» стратегиясының қабылданғанына 20 жыл толуына орай өткізілді.

ҚР Тұңғыш Президенті архивінің бас директоры Борис Жапаров Тәуелсіздік қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалуы екендігін атап өтті.

«1990 жылдардың бірінші жартысында анықталған қазақстандық мемлекеттілікті құрудың стратегиялық міндеті мықты президенттік билігі бар егеменді мемлекет ретінде даму еді. Бұл міндеттер еліміздің Президентінің 1992 жылғы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде құрылу және даму стратегиясында» орын алды. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында қарышты дамып, әлемнің дамыған 50 елінің қатарынан орын алды, Қазақстан-2030 стратегиясын мерзімінен бұрын орындап, Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасы мен Ұлт Жоспары «100 нақты қадам: заманауи мемлекет бәрі үшін» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті»,-деді Борис Жапаров.

Сондай-ақ ол сөзінде 26 жыл - тарих үшін көп уақыт емес екендігін, алайда бірнеше жылдар да ғасырлардың орнын басатынын, көптеген ұрпақ тағдырын шешетіндігін айтты. 

«Тәуелсіздігіміздің дәл осы 26 жылында экономикада, саясат бен қоғамдық құрылыста зор игіліктерге қол жеткіздік. Көп этникалық халқы бар елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық толықтай орнап, ұлттық құрылыстың қазақстандық моделі дүниежүзіне үлгі болды. Кез-келген қазақстандық еліміз жеткен жетістіктердің куәсі, өз Отанының патриоты. Бұл кезең бүкіл әлем мойындаған Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуымен тарихта қалады», - деді Борис Жапаров.

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы бөлімшесінің басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Мадина Нұрғалиева, ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Қайрат Шәкәрімұлы Әлімғазинов баяндама оқыды.

Сонымен қатар «Қазақстан - 2030-дан» «Қазақстан-2050- ге» тақырыбында маңызды тарихи құжаттардың көрмесі өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай белсенді қызмет көрсеткен Архив қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір