• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:14:36
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда Н.Назарбаев даңғылындағы көше тақталары 16 желтоқсанда өзгереді

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Роза Бағланова атындағы көшелердің тақталарын өзгерту 16 желтоқсанға белгіленді

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Роза Бағланова атындағы көшелердің тақталарын өзгерту 16 желтоқсанға белгіленді.

Қалалық мәслихат депутаттары Мұрат Әділханов, Вячеслав Банщиков, Владислав Ли бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірқатар көшелердің тақталарын өзгерту туралы бастама көтерді.

«Мемлекет басшысының арқасында біз барлығымыз Қазақстанда бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Болашаққа жоспар құрып, әркімнің өз ісін ашуға, бизнесін жасауға барлық жағдайлар жасалған. Оның үстіне, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы - Алматыдағы басты көшелердің бірі, сондықтан біз көше тақталарын жаңарту жұмыстарына атсалыссақ дейміз», - деді мәслихат депутаты, бизнесмен, меценат Вячеслав Банщиков.

Атап айтқанда, ҚР Тәуелсіздігі күні Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 160 үй мен 33 заңды ұйымның тақталары ауыстырылады. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшеде 115 тұрғын үй мен 11 заңды ұйым тақталары өзгереді. Роза Бағланова атындағы көшеде 136 тұрғын үйдің тақтасы жаңарады. Талғат Бигелдинов атындағы көшеде 24 үйдің тақтасы ауыстырылады.

«Көше тақталарын өзгерту республикалық, облыстық, аудандық мәні бар қалалар, астана, ауыл және басқа да елді мекендер рәсімдеудің бірыңғай стандарты бойынша жүзеге асырылады», - деді Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасынан.

Айта кетер болсақ, Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында алғашқы жол нұсқаулықтары пайда болған еді. Жол нұсқаулықтары Фурманов көшесін ауыстырған күннің ертесінде бірден қойылған.

Фурманов көшесі 30 қараша күні мәслихат депутаттарының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына ауыстырылған болатын.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жүзеге асырылып жатқан «Almaty Smart City» тұжырымдамасының жаңа нұсқаулықтарға қала бюджетінен бір теңге де жұмсалмағанын жеткізді.

Айта кетейік, тұжырымдама «Billboard Video Digital Broadcast» компаниясының интеллектуалды-ақпараттық навигациялық көлік жүйесі жобасына тиесілі. Жоба жоғары сапалы LED-дисплеймен, борт компьютерлермен, жол апатын білдіретін, ауа райын, курс бағамын хабарлайтын навигациялық хабарлағыштармен қамтылған жол бойындағы метталоқұрылғылардың ақпараттық-техникалық кешенінен тұрады.

Қазіргі уақытта Алматыда дәл осындай 44 медиаборд және жаңа алаңда бір «Jumbo» мегаборды жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «ақылды ХҚО» пилоттық жобасы іске қосылды.

Компания алдағы уақытта «ақылды қала» жобасын Астана мен Ақтау қалаларында, Алматыдағы жаяу жүргіншілер, автотұрақ аймақтары мен Сауда орталықтарында және Қазақстанның өзге қалаларындағы ХҚО-ның In-door жүйлеріне енгізбек.

Айта кетерлігі, қазақстандық «Smart-City» эко-жүйесін аталған компания Қытай, Сингапур, БАӘ, Ресейге енгізу туралы келісімшартқа қол жеткізген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір