• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:51:15
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Алматыда көктемгі әскерге шақыру бойынша зерделеу жұмыстары басталды

Алматы аймағында 2018 жылдың 10 қаңтардан бастап әскерге шақырылушыларды зерделеу басталды. Зерделеу 2 кезеңнен тұрады.

Алматы қаласында 2018 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыруға жататын азаматтарды іріктеу және алдын-ала зерделеу бойынша жұмыстар басталды. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет шақырылады.

Сонымен қатар, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы хабардар етуді тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары шақырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолдарын қойғыза отырып жүргізеді. Мерзімді әскери қызметке шақыруға Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санда он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар жатады.

Алматы аймағында 2018 жылдың 10 қаңтардан бастап әскерге шақырылушыларды зерделеу басталды. Зерделеу 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең - алдын-ала зерделеу жолымен әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен, сондай-ақ ол жұмыс жасайтын немесе оқитын жұмыс орындарының, оқу орындарының өкілдерімен жеке ісі тексеріліп, әңгімелесу жүргізіледі. Жеке әңгімелесу барысында моралды сапасына, денсаулық жай-күйіне, дене дайындығына, жалпы білім беру және арнайы дайындығы, отбасы жағдайы анықталады. Әскерге шақырылушылардың жеке ісін сапалы зерделеу үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер органдарының, денсаулық жағдай және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен бірге жүргізіледі.

Екінші кезең - іс жүзінде. Мұнда әскерге шақырылушылар қалалық және аудандық медициналық комиссиядан өтеді. Содан кейін қай әскери бөлімдерге баратындығы анықталады. Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады.

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдары жүргізеді. Әскери борышын өтеуге ниет білдіруші жастар көбеюде.

Қарлығаш Мұсабекқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір