• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:44:54
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті (фото)

Алматыда жұмыспен қамтамасыз етуге байланысты жәрмеңке өтті

Алматыда жұмыспен қамтамасыз етуге байланысты жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жәрмеңке 2017 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласындағы  «Grand Park» ойын-сауық орталығында 10:00 – 18:00 аралығында болды.

жәрмеңке

Бұл іс-шараны Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы департамент пен Алмалы аудандық әкімдігі ұйымдастырған болатын.  

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты электронды мемлекеттік қызметті дәріптеу мен мемлекеттік қызметті ұсынудың реті мен «электронды үкімет» порталы, «Азаматтар арналған үкімет» атты корпорациядан қызмет алудың артықшылығын түсіндіру.

жәрмеңке

жәрмеңке

Жәрмеңкеге қатысқан әрбір азамат кәсіби деңгейде кеңес алып, жергілікті атқарушы органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен бірге жәрмеңкеге қатысқан әрбір азамат өзіне ұсынылған жұмыспен таныса алады. Жалпы айтқанда, Алматы қаласы бойынша, 48 мемлекеттік орган қызмет көрсетсе, жалпы қызмет көрсету саны 353-ке жеткен.

жәрмеңке

Бүгіндікке мемлекеттік корпорация арқылы және «электронды үкімет» арқылы жасалған қызмет бүкіл мемлекеттік қызметтердің 60 %-ын құрайды.

Аталған жәрмеңкеде 21 мемлекеттік орган, 3 үкіметтік емес ұйымдар, олардың қатарында Ұлттық кәсіпкерлер палата «Атамекен», «Даму», «Жилстройсбербанк», «ГФСС» архитектура мен денсаулық сақтау, білім беру, азаматтыққа тіркелу және жер тіліміне қатысты салаларға байланысты қызмет көрсетті.

жәрмеңке

Бүгін жәрмеңкеге 2526 адам мемлекеттік қызметке байланысты түрлі сұрақтармен келсе, бос жұмыс орнына қатысты сұрақтармен келген 407 азаматқа қызмет көрсетілді.

Кәсіби деңгейдегі кеңес алу мақсатымен мемлекеттік органдарда ақпараттық видео роликтер мен таратылатын материалдардағы ақпараттар жетілдірілді.

жәрмеңке

Жәрмеңкеге қатысушыларға электронды сандық қолтаңба алу мүмкіндігі ұсынылып, бір уақытта бірнеше электронды қызмет түрлері таныстырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір