• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:20:57
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 NEWS

Алматыда бес қабатты үй өртенді

Үйден 100-ге жуық тұрғын эвакуацияланды, оның 20-сы балалар.

Алматының орталығындағы бес қабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй Жамбыл мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Құтқарушылардың дерегіне сүйенсек, өрт аумағы 200 шаршы метрді құраған.

Үйден 100-ге жуық тұрғын эвакуацияланды, оның 20-сы балалар. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіру қызметіне 40 адам мен 17 техника жұмылдырылды.

Таңғы сағат 8.43-те өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

Өрт

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір