• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:16:18
Алматы
+35°

06 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды

«Қаланы жаңажылдық әрлеуде ұлттық нақыштағы элементтер қолданылады», - дейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда бас шырша 18 желтоқсанда Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды.    

«Қаланы жаңажылдық әрлеуде ұлттық нақыштағы элементтер қолданылады», - дейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарлағандай, Алматы қаласын жаңажылдық безендіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінен соң 18 желтоқсанда басталады. Жаңажылдық бас шырша 18 желтоқсанда жағылады. Өткен жылдағы безендіру бұйымдары биыл да қолданылатын болады. Алайда қала тұрғындары арасында ұрлау, тонау жиі кездеседі. шыршадағы ойыншықтар, шағын архитектуралық пішіндерді, конструкцияларды бұзу, сындыру жиі кездеседі.Сондықтан көптеген бұйымдар жарамсыз болып қалады.

Дәстүр бойынша жаңажылдық безендіруге кәсіпорындар арасында байқау жүргізіледі. Байқауға кәсіпорындар, мектептер, ЖОО, ауруханалар қатысатын болады.

Айта кетер болсақ, ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында 15 желтоқсанда Республика сарайында Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік концерттер өтеді.

16 желтоқсанда Н.Тілендиев атындағы мемориалдық музейде ашық есік күндері ұйымдастырылады.

Осы күні Алматы музейінде «Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесі өтеді.

Басты мейрам 16 желтоқсан күні Астана алаңында мерекелік отшашумен аяқталады.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жастарға баспана кілті табысталады. 

16-17 желтоқсанда «Тәуелсіздік» монументі мен «Тәуелсіздік Таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, Алматыда қос мереке алдындағы безендіру жұмыстарына 175 млн теңге жұмсалады.

Биыл қалалық Мәдениет және архив басқармасына ҚР Тәуелсіздігі күні және Жаңа жыл мерекесі алдындағы безендіру жұмыстарына 175 млн теңге бөлініп отыр. Былтыр бұл сома 215 млн теңгені құраған болатын.  

«Биыл тек басты көшелер ғана емес, 8 аудандағы көшелердің барлығы әрленеді. Қаладағы ұзындығы 260 км болатын барлық көпірлер мен жол айырықтарында гирляндалар, иллюминациялар, барлығы 6800 элемент ілінеді, сондай-ақ шағын архитектуралық мүсіндер мен кронштейндер орнатылады. Бұлардың барлығы келесі жылы да пайдаланылатын болады. Одан бөлек әр ауданның әкімдіктері шырша орнатып, балаларға мерекелік шаралар өткізеді», - деді қалалық Мәдениет басқармасынан.

Қалада 18 желтоқсаннан кейін Республика сарайы, Абай атындағы опера және балет театры, ҚР Тұңғыш Президенті паркі, Алматы арена сарайы маңында 15 шырша орнатылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір