• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:15:16
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда азаматтық қорғаныстың қалалық жүйесінің жоспарлы тексеруі өтті

Жаттығуға азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайлар департаментінің барлық қызметтері, медицина және басқа оқу орындары қатысты

Алматыда азаматтық қорғаныстың қалалық жүйесінің жоспарлы тексеруі өтті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Алматының Бостандық ауданында азаматтық қорғаныстың қалалық жүйесінің дайындығына және тұрғындардың іс–әрекетіне бағытталған жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтті. Жаттығуға азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайлар департаментінің барлық қызметтері, медицина және басқа оқу орындары қатысты.

Сағат 9:30-да «Барлықтарыңыздың назарларыңызға!, сигналы берілді, медиа-сервер жаттығудың басталғандығы туралы ұқсас, цифрлы және радиоканалды мәліметтерді жібермей ұстап тұрды. Хабарландырумен дауыстап айтатын сигналды қондырғылары бар патрульді полиция автомобильдері айналысты.

ТЖ қалалық департаменті «Барлықтарыңыздың назарларыңызға!» сигналы берілісімен электроэнергияны, газды және суды жауып тастау керектігін ескертті. Қажетті заттар, құжаттар, азық-түлік салынып, алдын-ала дайындалған («Төтенше чемодан») сөмкемен сыртқа шыққан жөн. Ауру және сырқат адамдарға көмектесу қажет. Көпшілік жиналатын жерден ашық немесе ерте дайындалған орынға бару керек. Мұндай жаттығу мегаполисте айына бір рет өтеді.

Алматы әкімі төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігінен мәлімет беретін ақпараттық ескертпені дайындап, барлық тұрғын үйлер мен жарнама конструкцияларына орналастыруды тапсырды.

«Кез-келген төтенше жағдай барысында тез арада дұрыс әрекет жасау қажеттігін әркім білуі тиіс. Мұндай жұмыстарды тұрақты жүргізген жөн, әсіресе балалар мен жастар арасында», - деді Бауыржан Байбек.

Жаттығу барысында қалалық Құтқару қызметінің күшімен №93 жалпы білім беретін мектеп айналасына жылжымалы медициналық, сонымен қатар азық-түлікпен, қажетті заттармен қамтамасыз ететін жылжымалы пункттер бар палаталы қалашық орналасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір