• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:49:51
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 Аймақтар

Алматыда ауданаралық сот төрағасының қатысуымен брифинг өтті

Ағымдағы алқабилердің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралған

Ағымдағы алқабилердің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралған.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мәртбек Кәкімжанов айтты. 

Мәртбек Кәкімжанов айтуынша, Мемлекеттің нашақорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғам бірлесіп, наркомания проблемасын жоюда күш жігерін салу керек.

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2015 жылы – 3 қылмыстық іс, 2016 жылы – 5 қылмыстық іс,  2017 жылы – 4 қылмыстық іс және 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша – 3 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Алқабилерге үміткерлерді жинау барысында негізгі проблема, азаматтардың өзінің алқаби ретіндегі азаматтық борышын орындамауы және сотқа келмеулері. Алқабилер институтын түсіндіру және мамандандырылған соттың жұмысын көрсету мақсатында, сот қызметкерлерімен тұрақты түрде Ашық есік күдері өткізіледі, шара барысында кез келген қызығушылық танытқан азамат, сот жұмысымен және сотта қаралып жатқан істер бойынша сұрақтарға жауап ала алады. Сонымен қатар баспасөз қызметкерлерімен қоғамда қызығушылық танытқан, қаралып біткен қылмыстық істер бойынша пресс релиздер жарияланады, - деп сөзін қорытындылады Мәртбек Әшімұлы.

Төрағаның ақпаратынша, Алматы қаласында 2010 жылдан бері  Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұмыс атқаруда, мегаполистің аумағында жасалған аса ауыр санаттағы қылмыстық істердің барлығы  қаралады. Мамандандырылған сот қызметінде оны жалпы юрдикциялы соттардан айыратын екі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі – қылмыстық істердегі аса  ауыр санаттағы қылмыстардың қаралуы, яғни, жасаған қылмысы үшін қылмыстық жаза 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру  не өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы қолданылады. Заң шығарушы  аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін мұндай қатаң жазаны кездейсоқ бермейді, әдетте олар қоғамға қауіптілігі жоғары және халық арасында қызығушылық тудырған істер.

2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша барлығы 59 іс қаралған, оның ішінде қасақана адам өлтіру бойынша қаралған 26 іс, барлық қаралған істің 44 пайызын құрайды. Көбінесе адам өлтіру тұрмыстық, алкогольді ішімдіктен мас күйде жасалады.

Сонымен қатар, есірткі заттарының аса ірі мөлшердегі заңсыз айналымы бойынша істер барлық істердің айтарлықтай үлесін құрайды.

Қазіргі таңда есірткілердің заңсыз айналымымен күрес Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекет 2017-2022 жылдарға арналған Шанхай ынтымастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясын қоса алғанда, есірткіге қарсы күрес саласындағы халықаралық желілер мен бағдарламаларды құру мен қолдауда белсенді қатысады,- деп сот төрағасы Кәкімжанов Мәртпек  сөзін аяқтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір