• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:35:10
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыда әскери полиция қызметкерлері сарбаздарға сабақ өткізді

Сабақтың мақсаты – сәуір айына арналған негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру, құқық бұзушылықты анықтау, ашу, ескерту және алдын-алу шараларын орындау.

Бүгін Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласы Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамы арасында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын түсіндіру бойынша сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – сәуір айына арналған негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру, құқық бұзушылықты анықтау, ашу, ескерту және алдын-алу шараларын орындау, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін жүзеге асыру, ыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау және болдырмау жолдарын әділет аға лейтенанты Саурық түсіндірді.

Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ай сайын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Айта кетсек, Алматы қаласы Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағы өте тығыз байланыс орнатып, бірлесе қызмет қылып жатыр.

Алматы  өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының гарнизондық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруға қатысу, дала жаттығулары өткізілетін аймақта коменданттық қызметті қамтамасыз ету, ұзақ жолға әскери техниканы жеткізуге көмектесу, қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен әскериді іздеу және тағы да басқа маңызды жұмыстарға тартылмаған әскери полиция қызметкері кемде-кем шығар. Әскери полиция қызметкері әскердегі тәртіп пен талаптың, тәлім мен тәрбиенің үлгісі бола білуі керек. Құрылғанына 21 жыл  болған әскери полицияның басты мақсаты - әскерилердің құқығы мен заңдылық мүддесін қорғау. ҚР ҚК әскери полициясының жеке құрамы өз күші мен мүмкіндіктеріне қарай және заңдарға сүйене отырып, еліміздің одан әрі өсуі мен өркендеуіне бағытталған нормативті актілерді, өзге жетекші құжаттарды, Конституцияның барлық аспектілерін жүзеге асыру. 

АӨГ ӘПЖ-нің қызметтік-іздеуші иттері кез-келген объектіні қызметтік-іздеуші иттерді пайдалану арқылы күзетудің сенімділігін арттыруда маңызды құрал болып табылады. «Сали» және «Зара» лақап атты иттермен жұмыс істеу арқылы көрсетілім сабақтары өтті, онда кинолог мамандар – кіші сержант Марат Муканаевтың және ефрейтор Нурахмед Имангалиевтің міндеті мәжіліс залында оқушылар жасырған реквизиттерді итпен іздеп табу болды.

Иттер жіті көру, күшті есту және өте жақсы иіс сезу қабілетімен ерекшеленеді. Қазақстанның әскери полициясының кинологтары және олар үйреткен иттер түрлі байқаулар мен жарыстардың нәтижелері бойынша ең үздіктердің қатарында екенін естеріңізге сала кеткенді жөн көрдік.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір