• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:25:44
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 Әдебиет

Алматыда «Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі тапсырылады

5 аталым бойынша мүсіншелер мен дипломдар табысталады

13  ақпанда  сағат 13.00 Алматы қаласындағы  «МЕЛОМАН «GRAND» (Гоголь көш., 58) дүкенінде «Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі аясында әдеби кездесу өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында   Жылдың үздік баспасы, Жылдың әдеби дебюті, Кiтап like (оқырмандар таңдауы), Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап, Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) аталымдары бойынша мүсіншелер мен дипломдар табысталады.

Әдеби кездесуде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі мен Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы таныстырылады. 

Әдеби кештің қодаушылары:  “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы,   QAZKOM,   "Русское радио Азия", «Қазақстан баспасөз клубы», "КТК", "31 арна",  "Меломан" сауда желісі, Qamshy.kz ақпарат агенттігі,  "Айқын", "Жас алаш" басылымдары, "Аруна" баспа үйі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір