• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 23:56:53
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2018 NEWS

Алматыда 2001 жылы туған азаматтарды тіркеу басталды

ЖӘБО уәкілді тұлғасы ұсынылған құжаттар бойынша азаматтармен әңгімелесу  жүргізеді.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңына сәйкес 2018 жылғы қаңтар мен наурыз айына  азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2001 жылы туған 6000-ға жуықтай жасөспірім Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының  әскери есебіне  алынады.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары болып табылады.

Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады. Тіркеуге келу туралы азаматтарды хабарлау жергілікті әскери басқару органдарымен шақыру қағазы арқылы жүргізіледі. Жергілікті әскери басқару органдарына шақырылатын барлық азаматтар  шақыру қағазында көрсетілген құжаттармен уақытында шақыру учаскесіне келеді.

ЖӘБО уәкілді тұлғасы ұсынылған құжаттар бойынша азаматтармен әңгімелесу  жүргізеді.

Сонымен қатар,  одан әрі азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.

Шақыру учаскесіне тіркеуге алынған азаматтарға  шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі.  Тіркеуге алу барысында ҚР ҚМ ЖОО-на түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Жастарға әскери қызметтің жетістігі туралы айтылады. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу Қазақстанда жыл сайын өткізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір