• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:35:38
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 Ғылым-білім

Алматы университеті қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Алматы университетінде «Ұлт басына төнген қасіретті жылдар және рухани жаңғыру» атты кеш өтті.

Алматы университетінде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлт басына төнген қасіретті жылдар және рухани жаңғыру» атты кеш өтті. Өткен тарихқа қайта үңілу кешінде студенттер Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов пен алаш қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын С. Сейфуллиннің өмірі жайлы шағын көрініс қойды. ХХ ғасыр басында ұлт тағдыры үшін тер төккен азаматтардың шығармаларынан үзінді оқыды.

Алашорда

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу кешіне Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы өкілі Садықбаева Дария Әбдіқұлқызы қатысып, сөз сөйледі.

– Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат-тәрбиелеп отырған болашақ ұрпаққа Алаш зиялыларының арман-мұраттарының рухани жаңғырумен сабақтастығын зерделеуге ұйытқы болу. Студенттердің бойына отан сүйгіштік, патриоттық сезім, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, қасиеттерін дарыту. Сонымен бірге, саяси қуғын – сүргін құрбандары жөнінде студенттерге дұрыс түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, студенттердің адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру болып табылады, - деді Дария Әбдіқұлқызы.

Осындай маңызға ие айтулы датаны еске алып, керемет шара ұйымдастыруға ұйытқы болған университет ректоры х.ғ.д., профессор Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлына алғысын білдірді. Өлең оқыған, көрініске қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті және тарих мамандығының студенттеріне ерекше ілтипат көрсетті.

Келесі сөз кезегі «Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Зарықбек Сламбековке берілді. Ғалым Алаш қайраткерлерінің өмір жолы мен ұлт ертеңі үшін жасаған маңызды қадамдары жайлы баяндама жасап, ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік мәселелерге тоқталып өтті. Кеш соңында оқытушы-профессор құрамы мен студенттер Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы өкілі Садықбаева Дария Әбдіқұлқызымен естелік суретке түсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір