• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:44:19
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2018 Спорт

Алматы қаласының 30% халқы спортпен шұғылданады

Биыл Басқарма ұлттық таңдауының нәтижесінде 75 865 дауыс жинап "Үздік спорттық өңір" атанды.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзіне сүйенсек, 2017 жылдың нәтижелері бойынша 3 172 түрлі спорттық бұқаралық шаралар өткізілген, олардың ішінде чемпионаттар, түрлі спорт түрінен біріншіліктер, барлық қала тұрғындарын қамтитын жарыстар мен спартакиадалар және тағы да басқалары.

"Қазіргі таңда, спортпен шүғылданушылар саны 536 390 адам немесе жалпы тұрғындар санының 30% құрайды", - деп атап өтті басқарма басшысы.

Елбасымыздың қолдауымен осы жылы дүбірлі спорттық оқиғалардың бірі 2017 жылы қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і аралығында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматыда өтті. Бұл ел тарихындағы ең ауқымды спорттық додалардың бірі де бірегейі болды.

Универсиада жарыстарында 12 спорт түрінен (биатлон, тау шаңғы спорты, кёрлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіріс, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, фристайл, шорт-трек).

Алматыда өткен елеулі оқиға – Универсиадаға 57 мемлекеттен келген бақ сынасты. Бұл қысқы универсиада тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Қатысушылардың жалпы саны 2498 адам: 1631 спортшы, 867 ресми тұлғалар (делегация басшылары, бапкерлер, медицина қызметкерлері, БАҚ).

Жалпы, Алматыда 117 спорт түрі дамып келеді. Олардың: 38-і – жазғы Олимпиада спорт түрлері, 12-сі – қысқы Олимпиада спорт түрлері және 67 -сі – Олимпидалық емес спорт түрлері. Сонымен қатар, Алматы құрамасының республикалық кешенді шараларда көрсеткен нәтижелерін атап өткім келеді: осы жылы Алматы командасы IV Жастар ойындарында бірініші орынды иеленсе, сондай-ақ, 2016 жылы мектеп және колледж оқушылары арасында өткен Спартакиадада жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді.  

Сонымен қатар, Алматы құрамасы жалпыкомандалық есепте 571 ұпай жинап, IV қысқы республикалық спартакиадада бірінші орынды иеленген. Ал биыл Басқарма ұлттық таңдауының нәтижесінде 75 865 дауыс жинап "Үздік спорттық өңір" атанды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір