• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:42:15
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2018 Денсаулық

Алматы қаласында 264 түрлі өнім талапқа сай келмеді

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сараптама қорытындысы бойынша 264 сынама (10,1%) қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейтінін хабарлады.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова сараптама қорытындысы бойынша 264 сынама (10,1%) қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейтіндігін айтты.

Олар:

- тамақ өнімдері – 2048 сынаманың 213-і (10,4%),

- балаларға арналған тауарлар - 84 сынаманың 16-сы (19%);

- ойыншықтар - 81 сынаманың 17-і (21%);

- химиялық, мұнай-химия және тұрмыстық бұйымдар – 127 сынаманың 6-ы (4,7%);

- жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 20 сынаманың 8-і (40,0%)

Азық-түлік өнімдерінің (бөтелкедегі құйылмалы су, нан-тоқаш өнімдері, алкогольсіз сусындар), парфюмерия мен косметика, баспа өнімдерінің жекелеген түрлеріне жүргізілген сараптама нәтижелері сәйкес келмеулерді анықтаған жоқ.

Сәйкес келмейтін өнімдер келесі сауда алаңдарында сатылды: «Алма РС» ЖШС, Мырзабеков ЖК «Нұрлы» дүкені, «Снеть-Ят Минисо» дүкені, «Гермес Трейд» ЖШС, «Реалист» дүкені, «Хан Тәңірі» дүкені «Алма» ЖК, супермаркет «Назере» Мусаев А. ЖК, «MINISO» дүкені, «DAEHO» дүкені ЖШС, «Бахтияр» шағынмаркеті және т.б.

– Ішкі өндіріс өнімдері сәйкес еместігі бойынша алғашқы қатарда келеді, нақтырақ айтқанда 12,8% пайыз көрсеткішті және 3 шет елдік өндіріс 11,1% пайыз көрсеткішті құрады. Бұзушылықтардың ең көп көрсеткіші таңбалаудың сәйкес келмеуіне – 72% (2016 жылы 67%), микробиологиялық көрсеткіштерке сәйкес келмеуі бойынша 30% өткен жылмен салыстырғанда 31% тең, – деп хабарлады Айзат Молдағасимова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір