• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:21:38
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 NEWS

Алматы облысында жүк көлігі қағып кеткен оқушыға қатысты жаңа дерек шықты

Марқұм болған 8 сынып оқушысы қайғылы жағдай болар сәттен бұрын базардағы сатушылардан 2 метр жіп сұраған

Алматы облысындағы Байсерке ауылында жүк көлігі қағып, қайтыс болған оқушы жайлы жаңа дерек шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.

Марқұм болған баланың ата-анасы ұлын өлімге әлдекімдер итермеледі деп күдіктенеді. Көңіл айта келген бір топ ата-ана да мектептегі әлімжеттікті айыптайды. «Осы оқиғадан кейін баламызды сабаққа жіберуге қорқамыз»,  дейді олар.

Ал 8-сынып оқушысы білім алған мектептің директоры әлімжеттік  туралы былай түсінік берді.

«Мектепте оқушылардың әлімжеттік көрсетуі, қазір енді барлығы айтылып жатады. Барлық жұмыстар, өзімізге тисті шаралар атқарылып жатыр. Мен мектеп басшысы ретінде мектептегі балаларды бопсалау, бір-біріне күш көрсету, әлімжеттік бар деп санамаймын», - деді Байсерке ауылындағы №12 орта мектептің директоры Табиғат Ибраимова.

Марқұм болған 8 сынып оқушысы қайғылы жағдай болар сәттен бұрын базардағы сатушылардан 2 метр жіп сұраған. Бірақ қандай мақсатта сұрағаны белгісіз. «Базардың бәрі біледі ғой. Осы жерден жіп сұраған, ешкім бермеген. Сөйтіп ана жаққа барған да секірген», - дейді Байсерке ауылының тұрғыны Жұмабай Жолдасұлы.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай болған күні 8-сынып оқушысы  сабаққа бармағанын облыстың білім басқармасы мәлім еткен еді. Ал қайтыс болған  Нұрбол Туғанбай отбасыдағы үлкен бала болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір