• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:12:52
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 NEWS

Алматы облысында жолдарды жөндеуге жыл сайын 25 млрд теңге бөлінеді

Жалпы Алматы облысындағы автокөлік жолдарының ұзындығы 9334 шақырым болса, соның 6788 шақырымы – жергілікті маңыздағы жолдар.

Облыстық және ауылішілік жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттен жыл сайын 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, жергілікті жолдардың 78%-інің жағдайы біршама жақсарды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында әлемдік заманауи стандарттарға сәйкес «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Талдықорған» автокөлік жолдары жасалды. Өткен жылдың өзінде ғана көлік қызметінің көлемі  10%-ға өсіп, 500 млрд теңгеге жеткен.

Осы жылы «Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық», «Ұзынағаш-Отар», «Күрті-Бурылбайтал» автокөлік жолдарының құрылысы басталып, соның нәтижесінде өңірдің транзиттік әлеуеті бұрынғыдан да арта түспек.

Жалпы Алматы облысындағы автокөлік жолдарының ұзындығы 9334 шақырым болса, соның 6788 шақырымы – жергілікті маңыздағы жолдар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір