• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:54:51
+35°

08 Ақпан, 2018 Аймақтар

Алматы облысында Чернобыль апаты құрбандарын еске алды

Атом электр стансасындағы апат зардаптарын жоюға 32 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.

Алматы облысында 602 азамат «Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Марапатты тапсыру рәсімі  Талдықорған қаласында  Чернобыль апаты құрбандарын еске алу және Алматы облыстық «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің 25 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиында барысында өтті. 

Облыс әкімінің орынбасары Лаззат Тұрлашов Чернобыль апатына байланысты статистикалық деректерді атап өтті. Оның айтуынша, атом электр стансасындағы апат зардаптарын жоюға 32 мыңнан астам қазақстандық қатысқан. Соның ішінде Алматы облысының 2 мыңдай тұрғыны бар.

«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұста Мемлекет басшысы ең алдымен ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу туралы тарихи шешім қабылдады. Өйткені Чернобыль апаты бүкіл әлемге атом энергиясының бақылаудан шығып кетсе қандай күйге ұшыратынын көрсетіп берді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиға өз өмірлерін аямастан апаттың зардабын жоюға атсалысқан адамдардың ерік-жігері мен батырлық үлгісін де таныта алды. Бүгін біз чернобылдық ерлерді еске алуға жиналып отырмыз. Әрқайсыларыңыздың сол кезеңдегі іс-әрекеттеріңіз - бүгінгі ұрпақ үшін ерліктің үлгісі», - деді Л. Тұрлашов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір